Қоғамдық кеңес

Ағымдағы жылы орталық мемлекеттік органдарда қоғамдық институттардың жаңа форматын қалыптастыруды көздейтін «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, сонымен қатар жақын арада Үкімет Қоғамдық кеңестер туралы ережені бекітетін болады.

Осыған орай, болашақта  көрсетілген Заңның және ол туралы Ереженің талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы Қоғамдық кеңестер құрылады, ал жұмыс істеп тұрған Қоғамдық кеңестер өз жұмысын тоқтады.

Осындай Кеңестер шеңберінде қоғамдағы өзекті мәселелер және халықпен сындарлы ынтымақтастық орнату жолында біршама жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар,  заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және  өзге де қоғамдық  мәселелер шешу істерінде бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Добавить комментарий: