Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы талқылануда

Қазіргі уақытта ҚР Бас прокуратурасы жанындағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қолдану практикасын мониторингілеу және қорыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде.

Әзірлеушілер заң жобасының бюрократия мен әуре-сарсаңын азайту үшін сотқа дейінгі тергеуді жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Түзетулер ҚК, ҚІЖК, ӘҚБтК және басқа да заңдарға енгізіледі деп ұсынылып отыр.

Мысалы, күзетпен ұстауды алмағанда, тергеу әрекеттерін санкциялау жөніндегі өкілеттіктерді соттан прокуратура органдарына беру ұсынылады. Санкциялардың 18 түрінің 13-і (кепіл, ЖТӘ, қызметінен шеттету, жақындауға тыйым салу, мәйітті эксгумациялау, Халықаралық іздестіруді жариялау, мүлікке тыйым салу, тексеру, тінту, алу, жеке тінту, үлгілерді мәжбүрлеп алу және куәландыру) қарастырылмақ. Бұл ретте «санкция» терминінен бас тартып, оны прокурордың «келісімімен» ауыстыру ұсынылуда.

Бұдан басқа, Жоғарғы сот қылмыстық процеске қатысушылардың мәртебесі мен өкілеттік аясын қайта қарауды ұсынады, осыған байланысты адвокаттың сотқа қорғау актісін ұсыну құқығына қатысты түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ, егер адам сотта тиісті түрде сөз сөйлей алмаса, не егер сот ісін жүргізуде ол өзін адал емес, біліксіз немесе жауапсыз екендігін көрсетсе, сондай-ақ егер ол іс бойынша дұрыс және жылдам іс жүргізуге қасақана кедергі келтірген болса немесе іс бойынша өкімді бірнеше рет орындамаса,сотты құрметтемесе, сотқа адвокатты, өзге қорғаушыны немесе мемлекеттік айыптаушыны қылмыстық процестен алып тастау құқығын беруді ұсынады.

Аталған адам қылмыстық процестен шығарылған кезде сот (судья) дереу жаңа адвокат тағайындау жөнінде шаралар қолдануға, процесс тарапына өзіне жаңа адвокат немесе өзге де қорғаушы таңдауды ұсынуға не прокуратураға сот тағайындаған мерзімге жаңа мемлекеттік айыптаушыны тағайындауды ұсынуға, сондай-ақ жеке қаулыны тиісінше адвокатура және прокуратура органдарының назарына жеткізуге міндетті.

Адвокаттарды салыстырмалы кестелермен таныстыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ ұсынылған түзетулерге ұсыныстар мен ескертулер әзірленген жағдайда оларды жинауды ұйымдастыруды және оларды ағымдағы жылдың 04 сәуіріне дейін office@advokatura.kz РАА электронды поштасына жіберуді сұраймыз.

СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА к проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях»

ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ НА 11.03.2022 к проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации уголовного законодательства с одновременной коррекцией Уголовно-процессуального и Уголовно-исполнительного кодексов»

СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА к проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации уголовного законодательства с одновременной коррекцией Уголовно-процессуального и Уголовно-исполнительного кодексов»

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: