ТОКАЕВА АСЕЛЬ НУРМАХАНОВНА. ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА КАНДИДАТА НА ДОЛЖНОСТЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ РКА.

Құрметті әріптестер, алдағы 4 жылға қазақстандық адвокатураны дамыту бағдарламасы мен көрінісін назарларыңызға ұсынамын.

Заманауи Республикалық адвокаттар алқасын (әрі қарай – РАА) қалай елестетемін


РАА – бұл алқалы орган, конференция, төралқа, алқа органдары, төраға.
РАА: белсенді, тиімді қол жетімді.
РАА-ның қазіргі даму кезеңіндегі басты міндеттері оның жарғылық мақсаттары мен адвокатура миссиясынан бөлек адвокаттық қоғамдастық мәселелеріне уақытылы ден қоюда: бірізді, айқын және жауапты шешім қабылдауда жатыр.
РАА өз жұмысында тікелей адвокаттардың мүдделерін ұстанып, мемлекеттің араласуынсыз өзін-өзі басқару қағидатын жүзеге асыруы тиіс.
РАА сот, атқарушы және заң шығарушы билік алдында адвокаттарды тиімді қорғау және олардың мүдделерін көтеруді қамтамасыз етуі қажет. Бұл үшін РАА адвокаттар мәртебесі мен олардың қорғау кепілдіктерін күшейту және кеңейтуге, өз институттарының сапалы жұмыс істеуіне, атқарушы, заң шығарушы және сот органдарымен ағымдағы мәселелерді шешу жөнінде жемісті өзара іс-қимылға қол жеткізуі тиіс.
Бұған жол салынды. Бағыт берілді!

Өзекті міндеттер арасында мыналар бар:

  1. МКЗК жүйесі бойынша адвокаттардың еңбек төлемін жоғарылату.
  2. Адвокатура органдарының жұмысын жандандыру.
  3. Адвокаттық қызмет кепілдіктерін қамтамасыз ету.
  4. Процестік иммунитет тұжырымдамасы тұрғысынан адвокат қауіпсіздігі.
  5. Адвокаттық қоғамдастықтың мүдделерін көтеру.

  1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі

Адвокаттардың көпшілігі үшін, оның ішінде жас адвокаттар үшін МКЗК адвокаттық қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Адвокаттың МКЗК жүйесіндегі жұмысының басты мәселесі – төлем бойынша төмен мөлшерлемелер. Мемлекет ағымдағы төлем механизмін қолдана отырып, өз мүдделерін қорғайды, адвокаттың шығыстарын ескере отырып, оның МКЗК жүйесіндегі шынайы жұмысын назарға алмайды. Осыған байланысты мемлекетке МКЗК жүйесінде, әсіресе ауылды жерлерде, оның ішінде бірыңғай ақпарат жүйесі арқылы құқықтық көмекті жүзеге асырудың бүкіл үрдісін айқын және анық көрсету қажет. МКЗК бойынша мөлшерлемелер МКЗК маңыздылығы мен оның төлем мөлшерінің әділдігі қағидаттарын сақтай отырып, адвокаттық қоғамдастықпен келісілуге жатады, адвокат кәсібінің беделі мен азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру ретінде көрсетілетін құқықтық көмек сапасы оның мөлшеріне тәуелді. Мемлекетке орынды дәлелдер ұсынып, МКЗК бойынша төлем минуттық бола алмайтыны туралы адвокаттар ұстанымын қорғау қажет.

  1. Адвокаттық қызметті цифрландыру

Қарқынды дамып жатқан әлемде адвокатура ақпараттық технологиялардан қалыс қала алмайды, мұны бәрі түсінеді. Мемлекет енгізіп жатқан Е-Заң бірыңғай заң көмегінің ақпараттық жүйесі адвокаттық қызметті, оның ішінде МКЗК жүйесінде жұмыс істейтін адвокаттар үшін автоматтандыруға арналған, ол арқылы адвокат тағайындау, шақырту, оның көмегін төлеу жүргізіледі. Алайда көрсетілген жүйені күтіп ұстау ауыртпалығы «НИТ» АҚ компаниясының атына әр пайдаланушыдан 3 600 теңге мөлшерінде адвокаттарға жүктелген. Адвокаттар азаматтардың құқықтарына конституциялық қорғауды жүзеге асырады, тиісінше осы бағдарламаны күтіп ұстау шығыстары Egov, Tөrelik (Сот кабинеті), т.б. ұқсас жүйелер секілді мемлекетке жүктелуі тиіс. Осы сатыда РАА президиумы өз ұстанымын білдірді, уәкілетті орган атына хаттар дайындалып жолданды, сондай-ақ «НИТ» АҚ-мен РАА төралқасының келісімінсіз жасалған № 99 шартты жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап қоюға бастама көтерілді. Бұл жұмысты жоспарлы түрде жалғастырған дұрыс, өйткені, көрсетілген шешім адвокаттарға қаржылай жүктемені төмендетуге бағытталған.
Сонымен қатар көрсетілген бағдарламаның кемшіліктері бар, функционалы қолайсыз, адвокаттардың кең сұранысына ие мемлекеттік деректер базасымен біріктірілмеген, мұны ескеру қажет.

  1. Адвокаттық қызмет кепілдіктері

Кәсіби қызметімізді жүзеге асыру кезінде біз өзіміздің кәсіби кепілдіктерімізді жүзеге асыруда қиындықтарға тап боламыз, бұл жергілікті деңгейдегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әртүрлі көзқарасымен байланысты. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында адвокаттық қызмет кепілдіктері көзделгеніне қарамастан, тәжірибе жүзінде олар әлі де өзінің декларативті күйінде қалуда. Әрекет етуші адвокат бола тұрып, мен өзім олардың бұзылуына үздіксіз тап болудамын. Осыған байланысты мәселелерді іштен білу оларды, оның ішінде құқық қорғау органдарына еркін кіру мәселелерін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесімен өзара іс-қимылды жүйелі деңгейде шешуге көмектеседі.
Құқық қорғау органдары қабылдаған барлық ішкі нормативтік актілер бейінді заң мен халықаралық стандарттарға сай келтірілуі қажет.
ҚР ҚПК-ның 200-бабының тәртібімен қылмыстық процесті жүргізетін органның не прокурордың ұсынулар, жекеше қаулылар, ұйғарымдар шығару тәжірибесін, қылмыстық істерді ойдан шығарылған негіздер бойынша қозғауды өзгерту қажет.
Адвокатқа қатысты барлық процестік әрекеттер Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тергеу соттарының санкциясымен ғана жүзеге асырылатын ережелерді заң шығара отырып бекіту қажет, бұл ретте адвокатпен байланысты тергеу әрекеттерінің өзі РАА не аумақтық адвокаттар алқасы өкілінің қатысуымен жүргізілуі тиіс.
Адвокат қауіпсіздігіне қатер туындаған жағдайда көрсетілген мәліметтерді тіркеу, өңдеу және қорғау механизмін қалыптастыру үшін деректер жинау алгоритмін әзірлеу қажет.
ҚР ӘҚБтК-ның 668-бабының диспозициясын адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тап болатын проблемаларды талдауды ескере отырып, оны кеңейту тұрғысынан қайта қарау қажет.
Іске келісім бойынша қорғаушы қатысып жатса, мемлекет есебінен қорғаушыны негізсіз тағайындауға тыйым енгізуге қол жеткізу керек.
Заң шығару өзгертулері жолымен адвокаттардың процестік мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыру қажет.
Адвокаттарға қатысты лицензиядан айыру не қылмыстық қудалаумен байланысты қандай да бір шаралар қолдану кезінде мемлекеттік органдар РАА органдарының қорытындысын алуы тиіс.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің адвокат рөлін түсіну тәсілдерін қайта жаңғырту қажет.

  1. Республикалық адвокаттар алқасының органдары

РАА жанында органдар бар, оларға Тәртіптік адвокатура комиссиясы, Ғылыми-консультациялық кеңес, Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комитет жатады.
Ғылыми-консультациялық кеңес заң шығару мәселерін бақылауға алуы, талдауды қамтамасыз етуі, ұстаным қабылдау және әрі қарай РАА төралқасының бекітуі үшін ұсынымдар әзірлеуі, адвокаттардың процестік құқықтарын кеңейтуге бағытталған түзетулерді жинауы, талқылауы, ұсынуы және көтеруі тиіс.
Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комитет жергілікті деңгейлерде адвокаттарды дәл қорғауды жүзеге асыруы, бүкіл адвокаттық қоғамдастық мүдделерінде әрекет етуі, проблемалық мәселелерді анықтауы, әдіснама, ұсынымдар, сондай-ақ оларды жүйелі түрде жою үшін ұсыныстар әзірлеуі тиіс. Басқа елдердегі әріптестермен кеңінен тәжірибе бөлісу адвокаттардың құқықтарын қорғау тәжірибесі мен мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тәртіптік адвокатура комиссиясы адвокаттарға шағымдарды қарауды жүзеге асыруы, адвокаттар жол берген бұзушылықтарды қорытуы, бірыңғай тәжірибе мен ұсынымдар әзірлеуі тиіс.
РАА органдары өз қызметінде қоғамдастық мүдделерінде әрекет ете отырып, оң тәжірибе мен заманауи тәсілдерді енгізуі тиіс.
Сонымен қатар бүгінгі таңда республикалық алқаның барлық бірдей органдарында тиімді басқару кездесе бермейді, үйлестірілген әрекеттер мен қаржыландыруға мұқтаж. Осыған байланысты РАА-ның тиімді жұмыс істеуі үшін жоғарыда көрсетілген басқару органдарының қызметін ынталандыру мақсатында шығыстарды өтеу тәртібін қарастыру және ұйымдастырушылық үдерісті қамтамасыз ету қажет.
Үйлесімді және ұйымдасқан жұмыс жағдайында ғана РАА кәсіби қоғамдастық қызметін тиімді, сапалы үйлестіруді қамтамасыз ете алады.

  1. Адвокаттық қоғамдастық мүдделерін көтеру

Сот-құқық қорғау жүйесіне қатысы бар, сондай-ақ азаматтардың құқықтарымен байланысты, оның ішінде Үкімет пен Президент Әкімшілігі жанында түрлі жұмыс топтарын құру кезінде барлық мәселелерді, заң жобалары және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді талқылау кезінде адвокаттық қоғамдастықтың ресми түрде өкілінің болуы, Қоғамдық және өзге де Кеңестерге, мемлекеттік, сот органдарына, түрлі Комиссияларға, оның ішінде ҚР Президентінің жанындағы комиссияларға қатысуы тиіс.
Адвокатура өкілдерінің заң шығару жұмысына міндетті түрде қатысуын заң деңгейінде бекітуді көтеру қажет.
Адвокатурадан ресми өкіл өзі ұсынылған жергілікті деңгейде РАА Төралқасы мен адвокаттық қоғамдастыққа атқарылған жұмыс туралы хабарлауы тиіс.
Парламентте адвокат-депутаттардың адвокаттық қоғамдастық мүдделеріне өкілдік етуі туралы мәселені көтеру қажет.
Адвокаттық қоғамдастыққа адвокат мәртебесін беруге уәкілеттіктер беру және лицензияландыруды алып тастау туралы мәселені көтеру қажет.
Адвокатура күнін ресми түрде бекіту қажет.
Жас адвокаттарды қолдау үшін қазақстандық адвокатураны халықаралық конференциялар жұмысында өкілдік етуге конкурстық негізде (эсселер, ғылыми жұмыстар) сапарлар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру керек.
Адвокаттың статистикалық есеп нысанын жеңілдету қажет.
Адвокаттардың біліктілігін жоғарылату мақсатында оқыту ұйымдастыру және өткізу керек.
Адвокаттарға салық жүктемесін төмендетуді көтеру қажет.
Адвокаттардың әлеуметтік кепілдіктерін көтеру керек.
Материалдық-техникалық базаны нығайту, оның ішінде РАА кеңсесі үшін үй-жай сатып алу не әкімдіктен бөлу мәселесін қарастыру қажет.
Басқа елдердің адвокатураларымен халықаралық байланыстарды нығайту және кеңейту керек. Тәжірибе алмасу, үздік тәжірибелерді алу қажет.
Адвокатураның оң беделін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан адвокатурасының тұлғалары» айдарымен You Tube-арна құру керек.

Мықты адвокатура – бұл кәсіп тәуелсіздігі мен мұқтаж тұлғаларға сапалы құқық көмегін көрсетуді жоғары қоятын шоғырландырылған адвокаттық қоғамдастық.
Алға қадам жасай отырып, адвокатура дәстүрлерін ұмытпау, жиналған беделді сақтау қажет. Тәлімгерлік институтын дамыту жолымен адвокаттардың жаңа және озық нәрселерді енгізуге деген ұмтылысы мен күш-қуатын пайдалана отырып, аға буын әріптестердің тәжірибесін үйрену керек.

Осы бағдарламаны тиімді түрде жүзеге асыру:

  • адвокаттар мәртебесін, қоғам, мемлекет тарапынан адвокатура институтына деген сенімді жоғарылатуға;
  • сот процесі тараптарының жарыспалылығы мен тең құқылығын қамтамасыз етуге;
  • елде халықаралық стандарттар мен заманауи үдерістерге сай келетін адвокатура жүйесін дамытуға;
  • адвокатура қызметінің институционалдық негіздері мен қағидаттарын нығайтуға;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда адвокаттың рөлін күшейтуге;
  • инвестициялық тартымдылық рейтингісінде Қазақстанның орнын жақсартуға мүмкіндік береді.

Құрметті әріптестер!

Осы бағдарлама сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттемін!


Өзім туралы.
Менің аты-жөнім – Асель Нурмахановна Токаева, Қарағанды қаласының тумасымын, 1979 жылы тудым, Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын. Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының мүшесімін, Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесімін

Адвокатураға 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген соң келдім. Сол уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Орталық заң кеңесінде тіркеулімін. Аз уақытқа кәсібімнен кеткен кезең болды, бірақ адвокатураның борышым мен таңдауым екенін түсініп, қайта оралдым.
Менің достарым, әріптестерім, жеңістерім, жеңілістерім, тәжірибем осында. Мен өз кәсібімнен, өз клиенттерімнің құқықтарын қорғауға жұмсайтын еңбегім мен ұмтылыстарымның нәтижелі екенін, процеске формалды түрде қатысушы адвокат қана емес, менімен санасатынын және тең дәрежеде әрекет ететінімді ұғынудан моральдық ләззат алғым келеді. Бұл әрбір адвокаттың арманы деп ойлаймын. Ол шындыққа айналуы тиіс. Мұның біздің өзімізге байланысты екеніне кәміл сенемін!
Менің адвокаттық қызмет өтілім 20 жылға жуық. Адвокат лицензиясын алмай тұрып, екі жыл бойы тағылымдамадан өтіп, аға буын әріптестерімнің тәжірибесін сіңірдім. МКЗК істері бойынша ұзақ уақыт жұмыс істедім, сондықтан тағайындау бойынша жұмыс істейтін адвокаттар тап болатын барлық мәселелерді білемін. Менің кәсіби қызметімнің кезеңінде жеңілістер, жеңістер, жекеше қаулылар, кикілжіңдер, татуласулар болды, әріптестерімді қорғау үшін бас көтердім. Жалпы алғанда, мұның бәрі де біздің әрқайсымыз тап болатын жағдайлар.
Әрдайым қоғамдастықтың белсенді мүшесі болдым және бола беруге тырысамын, адвокаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты маңызды мәселелерді қуаттай отырып, бастама танытамын. Бұл мен үшін маңызды!
2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасынан Республикалық адвокаттар алқасының (әрі қарай – РАА) төралқасына сайландым және оның мүшесімін. 2021 жылдың 29 наурызынан бастап РАА төралқасы РАА төрағасының міндеттерін атқаруды маған жүктеді, мұны қазіргі уақытқа дейін жүзеге асырып келемін.
7 айлық жұмыс ішінде РАА белсенді, ашық, әрбір адвокат үшін қол жетімді бола бастады:
біз кері байланысты қамтамасыз етеміз;
адвокаттардың пікірлерін тыңдаймыз, талқылаймыз және естиміз;
төралқа мүшелері нақты дәл мәселелерді бақылауда ұстайды және кейіннен төралқаға баяндайды, шағымдар бойынша қорытындылар дайындайды;
телеграмм-арна құрылды және белсенді жұмыс істеуде, онда РАА-ға түсетін барлық ақпарат жарияланады; сауалнамалар жүргізіледі;
заң шығару процесіне белсенді, мүдделі және сауатты адвокаттар тартылады, сондай-ақ адвокатурамен байланысты басқа да мәселелер шешіледі.
Көптеген әріптестерім РАА төрағасының міндетін атқарушы лауазымындағы менің жұмысыма оң баға берді, бұл маған қолымнан келетенін және осылай белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыра алатынымды ұғынуға сенімді болуыма мүмкіндік берді.

Мен мықты және тәуелсіз адвокатураны қолдаймын!
Құрметпен, А.Токаева



Уважаемые коллеги, представляю вашему вниманию программу и видение развития казахстанской адвокатуры на ближайшие 4 года.

Как я вижу современную Республиканскую коллегию адвокатов (далее -РКА)

РКА- это конференция, президиум, органы коллегии, председатель.
РКА — активная, эффективная, доступная.
Главные задачи РКА на современном этапе своего развития, помимо ее уставных целей и миссии адвокатуры, заключаются в своевременной реакции на проблемы адвокатского сообщества. Последовательное, прозрачное и ответственное принятие решений.
РКА в своей работе должна придерживаться исключительно интересов адвокатов, реализуя принцип самоуправления, без вмешательства государства.
РКА должна обеспечивать эффективную защиту и продвижение интересов адвокатов перед судебной, исполнительной и законодательной властью. Для этого РКА должна добиваться усиления и расширения гарантий статуса адвокатов и их защиты, качественной работы своих институтов, продуктивного взаимодействия с исполнительными и законодательными и судебными органами по решению имеющихся проблем.
Начало этому положено. Темп задан!

Среди актуальных задач вижу:

  1. Повышение оплаты труда адвокатов по системе ГГЮП.
  2. Активизация работы органов адвокатуры.
  3. Обеспечение гарантий адвокатской деятельности.
  4. Безопасность адвоката через концепцию процессуального иммунитета.
  5. Продвижение интересов адвокатского сообщества.

  1. Гарантированная государством юридическая помощь

Для большинства адвокатов ГГЮП является неотъемлемой частью адвокатской деятельности, в том числе для молодых адвокатов.
Главная проблема работы адвоката в системе ГГЮП — это низкие ставки по оплате. Государство, применяя существующий механизм оплаты, отстаивает свои интересы, не принимая во внимание реальную работу адвоката с учетом его расходов в системе ГГЮП. В этой связи, необходимо ясно и четко продемонстрировать государству весь процесс реализации правовой помощи в системе ГГЮП, особенно в сельской местности, в том числе через единую информационную систему. Ставки по ГГЮП подлежат согласованию с адвокатским сообществом с соблюдением принципов важности ГГЮП и справедливости размера ее оплаты, от размеров которой зависит престиж профессии адвоката и качество оказываемой правовой помощи как реализация конституционных прав граждан. Необходимо представить государству веские аргументы и отстаивать позицию адвокатов о том, что оплата по ГГЮП не может быть поминутной.

  1. Цифровизация адвокатской деятельности

В стремительно развивающемся мире, адвокатура не может оставаться в стороне от информационных технологий, все это понимают. Единая информационная система юридической помощи Е-Заң көмегі, внедряемая государством, предназначена для автоматизации адвокатской деятельности, в том числе для адвокатов, работающих в системе ГГЮП, посредством которой происходит назначение, вызов адвоката, оплата его помощи. Однако бремя содержания указанной системы возложено на адвокатов в размере 3 600 тенге с каждого пользователя, в адрес компании АО «НИТ». Адвокаты осуществляют конституционную защиту прав граждан, соответственно, расходы по содержанию данной программы должны быть возложены на государство, аналогично системам Egov, Tөrelik (Судебный кабинет) и др. Уже на данной стадии президиум РКА выразил свою позицию, были подготовлены и направлены письма в адрес уполномоченного органа, а также инициирован судебный иск по признанию недействительным Договора №99 с АО “НИТ”, заключенный без согласия президиума РКА. Эту работу стоит планомерно продолжать, так как указанное решение направлено на снижение финансовой нагрузки на адвокатов.
Вместе с тем, указанная программа имеет недоработки, неудобный функционал, отсутствует интеграция с государственными базами данных, которые пользуются широким спросом у адвокатов, что необходимо учитывать.

  1. Гарантии адвокатской деятельности

При осуществлении своей профессиональной деятельности, мы сталкиваемся с трудностями в реализации своих профессиональных гарантий, что связано с разным подходом государственных и правоохранительных органов на местах. Несмотря на то, что в Законе Республики Казахстан «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» предусмотрены гарантии адвокатской деятельности, на практике они все еще сохраняют свою декларативность. Будучи практикующим адвокатом, я сама регулярно сталкиваюсь с их нарушениями. В этой связи, знание проблем изнутри, поможет разрешать их на системном уровне, в том числе вопросы свободного доступа в правоохранительные органы, а также взаимодействие с уголовно-исполнительной системой.
Все внутренние нормативные акты, принятые правоохранительными органами, необходимо привести в соответствие с профильным законом и международными стандартами.
Необходимо изменить практику вынесения представлений в порядке ст. 200 УПК РК органом ведущим уголовный процесс либо прокурором, частных постановлений, определений, возбуждение уголовных дел по надуманным основаниям.
Необходимо законодательно закрепить положения, согласно которым, все процессуальные действия в отношении адвоката осуществляются только с санкции следственного суда по городу Нур-Султан, при этом сами следственные действия, связанные с адвокатом, должны проводиться в присутствии представителя РКА либо территориальной коллегии адвокатов.
Необходимо разработать алгоритм сбора данных при возникновении угрозы безопасности адвоката для фиксации, обработки указанных сведений и выработки механизма защиты.
Необходимо пересмотреть диспозицию статьи 668 КоАП РК, на предмет ее расширения с учетом анализа проблем, с которыми сталкиваются адвокаты при осуществлении своей деятельности.
Необходимо добиться введения запрета на необоснованное назначение защитника за счет государства, если в деле уже участвует защитник по соглашению.
Необходимо продолжать расширять процессуальные возможности адвокатов путем законодательных изменений.
Государственные органы при применении в отношении адвокатов каких-либо мер, связанных с лишением лицензии либо уголовным преследованием должны получать заключение органов РКА.
Необходима перезагрузка подходов понимания сотрудниками государственных органов роли адвоката.

  1. Органы республиканской коллегии адвокатов

При РКА существуют органы, к которым относятся Дисциплинарная комиссия адвокатуры, Научно-Консультативный Совет, Комиссия по защите профессиональных прав адвокатов.
Научно-Консультативный совет должен курировать вопросы законотворчества, обеспечивать анализ, вырабатывать рекомендации для принятия позиции и дальнейшего утверждения президиумом РКА. Собирать, обсуждать, предлагать и продвигать поправки, направленные на расширение процессуальных прав адвокатов.
Комиссия по защите профессиональных прав адвокатов должна осуществлять точечную защиту адвокатов на местах, действовать в интересах всего адвокатского сообщества, выявлять проблемные вопросы, разрабатывать методологию, рекомендации, а также предложения для их системного устранения. Широкий обмен опытом с коллегами из других стран позволит расширить практику и возможности защиты прав адвокатов.
Дисциплинарная комиссия адвокатуры должна осуществлять рассмотрение жалоб на адвокатов, обобщать допущенные адвокатами нарушения, вырабатывать единую практику и рекомендации.
Органы РКА в своей деятельности должны действовать в интересах сообщества внедряя положительные практики и современные подходы.
Вместе с тем, на сегодняшний день не все органы республиканской коллегии имеют эффективное управление, нуждаются в скоординированных действиях и финансировании. В этой связи для эффективной работы РКА необходимо предусмотреть порядок возмещения расходов и обеспечить организационный процесс для стимулирования деятельности членов вышеуказанных органов управления.
Только лишь при слаженной и организованной работе, РКА сможет обеспечить эффективную, качественную координацию деятельности профессионального сообщества.

  1. Продвижение интересов адвокатского сообщества

Адвокатское сообщество официально должно быть представлено при обсуждении всех вопросов, имеющих отношение к судебно-правоохранительной системе, а также связанных с правами граждан, в том числе при формировании различных рабочих групп при Правительстве и Администрации Президента, законопроектов и иных нормативно-правовых актов, принимать участие в Общественных и иных Советах, в государственных, судебных органах, при различных Комиссиях, в том числе при Президенте РК.
Необходимо продвигать законодательное закрепление обязательного участия представителей адвокатуры в законотворческой работе.
Официальный представитель от адвокатуры должен информировать Президиум РКА и адвокатское сообщество о проделанной работе на местах, куда был выдвинут.
Необходимо продвигать вопрос о представлении интересов адвокатского сообщества депутатами-адвокатами в Парламенте.
Продвигать вопрос о передаче полномочий для присвоения статуса адвоката адвокатскому сообществу и исключение лицензирования.
Необходимо утвердить официально — День адвокатуры.
Для поддержки молодых адвокатов рассмотреть возможность организации поездок на конкурсной основе (эссе, научные работы) для представления казахстанской адвокатуры в работе международных конференций.
Упростить форму статистического отчета адвоката.
В целях повышения квалификации адвокатов организовывать и проводить обучение.
Продвигать снижение налоговой нагрузки для адвокатов.
Продвигать социальные гарантии адвокатов.
Укрепить материально-техническую базу, в том числе рассмотреть вопрос приобретения либо выделения акиматом помещения под офис РКА.
Укреплять и расширять международные связи с адвокатурами других стран. Обмениваться опытом, необходимо перенимать лучшие практики.
Создать You Tube -канал РКА с рубрикой «Лица казахстанской адвокатуры», с целью формирования положительного имиджа адвокатуры.

Сильная адвокатура — это консолидированное адвокатское сообщество, ставящее во главу угла независимость профессии и качественное оказание правовой помощи нуждающимся в ней лицам.
Двигаясь вперед, необходимо помнить о традициях адвокатуры, поддерживать наработанный авторитет. Перенимать опыт старших коллег, путем развития института наставничества используя желание и энергию адвокатов внедрять новое и прогрессивное.

Эффективная реализация настоящей программы позволит достичь:

-повышение статуса адвокатов, доверия к институту адвокатуры со стороны общества, государства;
-обеспечения состязательности и равноправия сторон судебного процесса;
-развития системы адвокатуры в стране, отвечающей международным стандартам и современным тенденциям;
-укрепления институциональных основ и принципов деятельности адвокатуры;
-усиления роли адвоката в защите прав и интересов физических и юридических лиц;
-улучшения позиции Казахстана в рейтинге инвестиционной привлекательности.

Уважаемые коллеги!

Надеюсь, что настоящая программа найдет отклики в ваших сердцах!


О себе.
Меня зовут Токаева Асель Нурмахановна, уроженка г.Караганды, 1979 года рождения, проживаю в городе Нур-Султан. Член коллегии адвокатов города Нур-Султан, член президиума Республиканской коллегии адвокатов.

В адвокатуру пришла, после окончания Карагандинского государственного университета имени Е.А.Букетова в 2000 году. С того времени по сегодняшний день прикреплена к Центральной юридической консультации г. Нур-Султан. Был период, когда я ненадолго уходила из профессии, но вернулась, осознав, что адвокатура является моим призванием и моим выбором.
Здесь мои друзья, коллеги, победы, поражения, опыт. Я хочу получать моральное удовлетворение от своей профессии, от понимания, что мои труд и усилия, которые я прикладываю по защите прав своих клиентов результативны. Что я- адвокат, не формальный участник процесса, со мной считаются и я выступаю на равных. Думаю, это мечта каждого адвоката. Она должна стать реальностью. Абсолютно убеждена, что это зависит от нас самих!
Стаж моей адвокатской деятельности почти 20 лет. На протяжении двух лет стажировалась, впитывала опыт старших коллег, прежде чем получить лицензию адвоката. Долгое время работала по делам ГГЮП, поэтому знаю все проблемы, с которыми сталкиваются адвокаты, работающие по назначению. В период моей профессиональной деятельности были поражения, победы, частные постановления, конфликты, примирения, вставала в защиту своих коллег. В общем, всё то, с чем сталкивается каждый из нас.
Всегда была и стараюсь оставаться активным членом сообщества, постоянно обучаюсь, развиваюсь, проявляю инициативу, отстаивая принципиальные вопросы, связанные с осуществлением адвокатской деятельности. Для меня это важно!
С 2018 года избрана и являюсь членом президиума Республиканской коллегии адвокатов (далее-РКА) от коллегии адвокатов г.Нур-Султан. С 29 марта 2021 года президиум РКА возложил на меня исполнение обязанности председателя РКА, которые осуществляю до настоящего времени.
За 7 месяцев работы РКА стала активна, открыта, доступна для каждого адвоката:
мы обеспечиваем обратную связь;
слушаем, обсуждаем и слышим мнения адвокатов;
члены президиума курируют конкретные точечные вопросы и в последующем докладывают президиуму, готовят заключения по жалобам;
создан и активно действует телеграмм-канал, куда выкладывается вся поступающая в РКА информация; проводятся опросы;
в законотворческий процесс вовлекаются заинтересованные адвокаты, а также разрешаются другие вопросы, связанные с адвокатурой.
Многими коллегами была положительно оценена моя работа, в должности исполняющего обязанности председателя РКА, которая позволила мне укрепиться в понимании, что я справлюсь и смогу продолжить работу в таком же активном ключе.

Я за сильную и независимую адвокатуру!
С уважением Токаева А.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: