Өскемен қаласында көшпелі отырыс өтеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатаның Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерін қолдану мәселелері бойынша Өскемен қаласында көшпелі отырыс өткізуді жоспарлауда.

Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттық қызметте  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауда аталған заңнамалық актілердің маңыздылығы зор екендігін ескере отырып,  жаңа заңнамалық актілерді қолдану мәселелері бойынша  ұсыныстар мен ескертулер енгізуге адвокаттарды шақырады.

Сіздердің ұсыныстарыңызды Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы ӘНУАР ТҮГЕЛ отырыста баяндайтын болады.

Осыған байланысты, жаңа кодекстерді қолдану бойынша туындалған ұсыныстарды  info@advokatura.kz электрондық поштасына жолдауларыңызға болады.

 

 

Добавить комментарий: