ШЫМКЕНТ АДВОКАТТАРЫ АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР БЕРДІ

Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай акция өткізді.

Алқа адвокаттары қала тұрғындары мен қонақтарына тегін құқықтық консультациялар берді.

«Адвокат тегін заң кеңесін береді» атты іс-шара қалалық «Арбат» алаңында өтті. Бұл үшін алаңның периметрі бойынша арнайы үстелдер қойылып, кез келген жүгінген адамдарға консультациялар берілді.

Акция барысында жүзге жуық адам қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамаларға қатысты құқықтық мәселелер бойынша білікті тегін консультациялар алды. Адвокаттар атап өткендей, адамдар көбінесе алимент төлемдеріне, банктік несиелерге және жер учаскелеріне меншік құқығына байланысты мәселелермен жолыққан.


Бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу құрметіне және ҚР Әділет министрлігі бастамасымен өткізілетін «Негізгі Заң апталығы» акция аясында осындай іс-шаралар басқа да аумақтық адвокаттар алқаларында да өтеді.

Адвокаты коллегии адвокатов города Шымкент провели акцию, приуроченную к празднованию Дня Конституции Республики Казахстан.

В Шымкенте адвокаты городской коллегии бесплатно консультировали обратившихся к ним жителей и гостей города.

Мероприятие под названием «Адвокат оказывает бесплатную юридическую консультацию» прошло на городской площади «Арбат». Специально для этого по периметру площади были расставлены столы, за которыми адвокаты давали консультации любому обратившемуся к ним.

За то время пока длилась акция, около сотни людей смогли получить бесплатную квалифицированную консультацию по правовым вопросам, касающимся уголовного, гражданского и административного законодательства. Адвокаты отмечают, что чаще всего люди обращались с проблемными вопросами, связанными с выплатой алиментов, банковским кредитованием и правом собственности на земельные участки.

Как сообщалось ранее, в честь празднования Дня Конституции Республики Казахстан и в рамках акции «Неделя основного Закона», проводимой по инициативе Министерства юстиции РК, такие мероприятия пройдут и в других территориальных коллегиях адвокатов.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: