Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам  ынтымақ пен бірліктің, береке мен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры Сіздердің  шаңырақтарыңызға бақ, береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!

Наурыз күні ойдағы барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Ануар Түгел

Добавить комментарий: