Құрметті адвокаттар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан адвокатурасының мемлекет кепілдік берген және Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және заң көмегiн алу құқығын іске асырудағы қызметі зор екені белгілі.

Сіздердің азаматтарға білікті заң көмегін көрсетудегі атқарып отырған қызметтеріңізге зор  ілтипатыммен ризашылығымды білдіре отырып және адвокатураның қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, алда тұрған мақсат пен міндеттерді келешекте де абыроймен атқаруға шын жүректен тілектеспін.

Дендеріңізге саулық, отбасылараңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, халқымыз өркендей беруін тілеймін.

Құрметпен,

Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы

Қадыржан Баймұханова

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: