Құрметті адвокатессалар !

Сіз (дер) ді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

8 Наурыз – жылдың ең нәзік, жарқын және тамаша күнінің бірі. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Мен Сіз(дер)ге істеп жатқан қиын, бірақ, сондай қажетті және жауапты қызмет үшін алғыс айтқым келеді!

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін.

Шын жүректен,

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы

Түгел Ануар

 

Добавить комментарий: