Республикалық адвокаттар алқасының журналисттерге жолдауы

БАҚ ішінде 14 қазанда Республикалық адвокаттар алқасымен шақырылатын съездің негізгі міндеті Қазақстан қалаларында Қазақстан Республикасының Әділет министірлігімен әзірленетін «Адвокаттар қызметі және заң көмегі туралы» заң жобасына қарсы митинг өткізілетін деген хабар пайда болды. Мұндай хабар шындыққа жанаспайды.

Біріншіден, адвокаттар съезі және митинг мағанасы бір емес. Митинг – ең соңғы шара, қазір бұл шара өзін-өзі ақтамайды. Адвокаттар әрқашан да саясаттан тыс тұрды, олар үшін бірінші кезекте әділдік және заң үшін қызмет ету. Сондықтан өткізілетін съезд саяси мәселелерді қарастырмайды.

Екіншіден, адвокатура Әділет министірлігінің заң жобасына қарсы ешқандай шаралар  әзірлемейді. Біз құқық саласындағы көмек көрсету реформалар керектігін мойындаймыз және оған белсеңді қатысамыз. Сонымен қатар, арамызда заң жобасында баяндалған негізгі ұстамындар жайлы принціпті келіспеушіліктер бар, біз оларды өркениетті түрде қорғаймыз. Өкінішке орай, қазіргі уақытта осы процесс кемелінен алыс.

Адвокаттарды мемлекетке қарсы қою съезд міндеті болып табылмайды. Съезд міндеті адвокаттардың реформалардың негізгі ережелерін бағалау кезінде ауызбіршілігін таныту және өз көзқарасын қорғау ниетін білдіру.

Республикалық адвокаттар алқасы көптеген телеарна редакциялармен, газеттер мен электронды басылымдармен кәсіби қарым-қатынасты қолдайды. Біз кез-келген қызықты ақпаратты әрқашан беруге дайынбыз. БАҚ өкілдерін өз кәсібіне тиіс ұстануды, сонымен қатар тексерілмеген немесе бір жақты ақпаратты материалдарды жариялаудан аулақ болуыңызды ұсынамыз. Түсініспеушілікті болдырмау үшін жарияланатын тақырыптар ішіндегі барлық аспектілерді мұқият зерттеп, өз материалдарында тек шынайы фактілерге сүйенуді де ұсынамыз. Материалдарды баспаға дайындау барысында сұрақтар пайда болса, шынайы ақпарат қажет болған кезде, РАА баспасөз қызметіне жүгініңіз.

Добавить комментарий: