Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының көшпелі отырыс өтті

5 қыркүйекте Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы төралқасының бұрынғы төрағасы Жумабаев Әлиасқар Әжекұлын еске алуға арналған Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының көшпелі отырысы өтті.

Отырыс барысында адвокаттар Әлиасқар Әжекұлы посткеңестік кеңістікте Қазақстан адвокаттары одағының бірінші ұйымдарының бірі болып құрылуына және оның бірінші президенті ретінде адвокатураның дамуына қосқан еңбегіне  жоғары баға берді.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел адвокаттардың қатысуымен өткен жеке кездесуде Елбасымен белгіленген «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асырудағы елімізде атқарылып жатқан заң жобалары туралы баяндады.

Добавить комментарий: