РАА ЖОҒАРЫ ОРГАНЫ РЕГЛАМЕНТІНІҢ ЖОБАСЫ АЛДЫН АЛА БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының алдағы Республикалық конференциясына құжаттар дайындау аясында РАА Төралқасының мүшелері кезекті отырыста конференция регламентінің жобасын қарады.

Талқылау барысында 2021 жылғы 26 қарашада өткен конференция қарсаңында келіп түскен елордалық адвокаттар алқасы адвокаттарының ұсыныстары қаралды.

РАА Президиумы редакциялық және нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулерді қолдады. Конференция регламентінің пысықталған жобасы зерделеу және ұсыныстар енгізу мақсатында РАА ресми сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ, әзірленіп жатқан құжаттың жобасы аумақтық адвокаттар алқасына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы 2022 жылғы 15 ақпанда онлайн-форматта адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын шақыру туралы шешім қабылдаған болатын.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: