РАА ПРЕЗИДИУМЫ МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАДЫ

Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын құрды, заң жобалары бойынша бірқатар ұстанымдарды мақұлдады және Сот жюриіне сайлау үшін адвокатура өкілдерінің кандидатураларын бекітті, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.

РАА Президиумы адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, оған 32 адвокат мүше болды. Бұл ретте әрбір алқаның өкілдігі қамтамасыз етілді. Төраға болып Т.К. Назханов сайланды, алқа төрағасының жалақысын азайту есебінен лауазымы РАА штаттық кестесіне кірді.

Күн тәртібіне сәйкес МКбЗК сағаттық төлемінен істердің санаты мен ұзақтығына, қатысушылар санына және т. б. байланысты коэффициенттерді қолдана отырып, «тұрақты гонорарға» көшу мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды. Төралқа мүшелері мұндай ауысуды МКбЗК-нің барлық қиындықтарын ескере отырып, оның ішінде тағайындалған адвокатты ауыстыру кезіндегі есеп мәселелерін және басқа да өзара байланысты мәселелерді ескере отырып мұқият зерделеу керек деп есептеді.

Жалпы МКбЗК шеңберінде адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуді арттыруға байланысты мәселе РАА мен Әділет министрлігі қол қойған Жол картасына енгізілген. Ол бойынша қазіргі уақытта алдын ала есептеу-талдау жұмыстары жүргізілуде.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасына дайындалған ғылыми-консультативтік кеңестің ұсыныстары мақұлданды. Заң жобасында адвокаттарды қаржы мониторингі агенттігіне белгілі бір жағдайларда олардың сенім білдірушілеріне қатысты мәліметтерді ұсынуға міндетті адамдардың тізіміне енгізу ұсынылды. Осы бөлікте РАА ҒКК  ФАТФ ұсынымдарына негізделген қарсылықтар дайындады, онда тәуелсіз мамандар ретінде әрекет ететін адвокаттар, егер тиісті ақпарат кәсіби құпияның немесе құқықтық кәсіби артықшылықтың міндеттемелерімен байланысты жағдайларда алынған болса, күдікті операциялар (мәмілелер) туралы хабарлауға міндетті емес деп көзделген

            Бұдан басқа, заңнамаға 2022-2025 жылдарға арналған қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасының 2-бөлімінің 2-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін ұсыныстар әзірленді.Адвокаттың ҚР заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, адвокаттардыңк әсіби этика Кодексін өрескел не бірнеше рет бұзуы салдарынан лицензиядан айыру туралы талап бергенге дейін осы мәселе бойынша шешімді тәртіптік комиссия қабылдауы тиіс екендігі туралы норманы бекіту ұсынылады. Егер тәртіптік комиссиялар ақылға қонымды мерзімде шешім қабылдамаса, лицензиардың лицензиядан айыру туралы талап қоюы мүмкін

Егер тәртіптік комиссия адвокатты алқадан шығармау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ал лицензиар осындай шешіммен келіспейтін болса, ол тәртіптік комиссияның шешімін есепке алмай, талап қоймастан, осы шешімге сот тәртібімен дау айтуға тиіс.

            Бұл ұсыныстар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» 2021 жылғы 4 маусымдағы №1 нормативтік қаулыда жазылған, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру мәселелері бойынша Конституциялық Кеңестің шешімін іске асыруға да байланысты.

            ҚР Жоғары Сот Кеңесінің сұрауына байланысты Төралқа баламалы негізде Сот жюриінің құрамына енгізу үшін А.Н.Тоқаеваның (Нұр-сұлтан қаласының адвокаттар алқасы), Т. К. Назхановтың (Алматы қалалық адвокаттар алқасы) және П.Б. Носовтың (Нұр-сұлтан қаласының Адвокаттар алқасы) кандидатураларын бекітті.

            Сондай-ақ Сот төрелігі академиясының Біліктілік комиссиясының құрамына С.А. Әміртаевтың (Шымкент қаласының Адвокаттар алқасы) кандидатурасы ұсынылды.

            СДТБТ және Е — Заң Көмегі ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ҚСжАЕК, ҚР БП қылмыстық қудалау қызметі, Әділет министрлігі, «ҰАТ» АҚ және РАА өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

            Төралқа Нұр-сұлтан қаласы және Алматы қалалық адвокаттар алқасының жұмыс тобы құрамына Е — Заң Көмегі пайдаланушылары болып табылатын адвокаттарды мақұлдады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: