РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

04 сәуірде РАА төралқасының мүшесі Әсел Тоқаева мен адвокат Абзал Бекбосынов ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты. Отырыстың тақырыбы «Құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтау» болды. Әсел Тоқаева адвокаттық қызмет кепілдігін күшейтуді және адвокат мәртебесін көтеруді ұсынды, өйткені азаматтар адвокаттар арқылы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асырады. Сондай-ақ, ол аталған мақсаттарды сапалы жүзеге асырудағы нақты атқарылуы тиіс қадамдарды атап өтті.

5 сәуірде РАА төралқасының отырысы өтті. РАА атқарушы органы ҒКК жаңа басшысы Сергей Сизинцевті сайлады, Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын құрды, республикалық адвокаттық спартакиада өткізу туралы шешім қабылдады және қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасына қатысты келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді талқылады.

6 сәуірде онлайн режимде Адвокаттардық тәртіптік комиссиясының отырысы өтті. Онда Алматы облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімімен келіспеу туралы шағым бойынша бір тәртіптік іс қаралды. Келіп түскен өтінішті қарастырып, АТК қорытындыны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.                              

                                                                                                                                                                         6 сәуірде РАА төрағасы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Иванович Роговпен кездесті. Кездесу барысында адвокаттардың проблемалық мәселелері талқыланды. Игорь Иванович мемлекет адвокаттардың құқықтық мәртебесін көтеріп, адвокаттық қызметке нақты кепілдіктер беруі керек екендігімен келіседі. Осы жылға жоспарланған комиссия отырыстарының бірінде адвокаттардың ьүйткілді мәселелерін күн тәртібіне енгізу, адвокаттық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

6 сәуірде РАА төрағасы Атамекен ҰКП төрағасы Райымбек Баталовпен кездесу өткізді. Құқық қорғау жүйесіндегі реформаларды ілгерілету бойынша өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.

7 сәуірде Айдын Бикебаев Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық үкіметтік комиссияның 581-ші отырысына қатысты.

8 сәуірде Сергей Сизинцевтің төрағалығымен ҒКК бірінші отырысы өтті. Өзінің құттықтау сөзінде РАА төрағасы Қазақстан адвокатурасының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ҒКК экс-төрағасы Сапар Әміртаевқа алғысын айтып, оған одан әрі жемісті еңбек тіледі. Сондай-ақ, Айдын Бикебаев отырыс қатысушыларына ҒКК-нің жүргізіп жатқан жұмысы, адвокатураны дамыту тұжырымдамасы мен Әділет министрлігімен Жол картасын іске асыру бойынша ҒКК алдында тұрған міндеттер туралы, сондай-ақ өзекті заң жобалары бойынша ұстаным әзірлеу қажеттігі туралы айтып өтті. Сергей Сизинцев ҒКК мүшелерінің өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыс жасау жолдарын ұсына отырып, пысықтап, барлық мақсаттарды арнайы сауалнама түрінде нақты міндеттерге бөлген дұрыс екендігін айтты. ҒКК мүшелері бірқатар қосымша бастамалар ұсынып, аптасына бір рет онлайн-отырыстар өткізуге уағдаласты.

7 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша адвокатура ұстанымын әзірлеу үшін РАА жұмыс тобының онлайн отырысы өтті. 

Өткен аптада РАА кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 48 хатты құрады. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Апта ішінде РАА төрағасы бірқатар адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: