РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

25 наурызда РАА төрағасы ABA ROLI өкілдерімен кездесу өткізді. Американдық заңгерлер қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі «Әлеуметтік желілердегі белсенділік және соттағы құқық» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Бағдарлама шеңберінде Орталық Азия елдерінің өкілдерінен тұратын «Интернет бостандығы» өңірлік желісін құру жоспарлануда. Бұл бастама әлеуметтік желілерде адам құқықтарын қорғау әлеуетін арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік, ашықтық, құпиялылық және сөз бостандығы мүдделерінің теңгерімін белгілеуге бағытталған. Кездесу барысында РАА мен ABA ROLI-дің одан әрі ынтымақтастығы туралы келісімге қол жеткізілді.

25 наурызда РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Сорбонна-Қазақстан атындағы ҚазҰПУ институтымен және Орталық Азиядағы заң мамандықтарының өкілдеріне арналған Адам құқықтары саласындағы еуропалық білім беру бағдарламасымен (HELP)  бірлесіп ұйымдастырған «Құқық қорғау қызметіндегі адам құқықтарын сақтаудың еуропалық стандарттары» тақырыбындағы форумға қатысты. Вебинар «Құқықтық диалогтар» жобасы аясында өткізілді және 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Онлайн-іс-шараның спикерлері ретінде белгілі шетелдік ғалым-заңгерлер мен Еуропа Кеңесінің өкілдері, ҚР Бас прокуроры Берік Асылов, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова, ҚР ІІМ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ЖОО өкілдері қатысты.

28 наурызда РАА төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағыҮкіметтік сағатқа қатысты. Отырысқа РАА, Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ішкі істер, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және Республикалық нотариаттық палатаның өкілдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары атқарушылық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіруге, атқарушылық құжаттар бойынша бірыңғай тізілімнен борышкерлерді шығару процесін автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауға, алименттік міндеттемелерді орындау бойынша шараларды күшейтуге бағытталған ұсынымдар берді.

29 наурызда Қазақстан адвокатурасын дамыту Тұжырымдамасын талқылау үшін бірқатар адвокаттармен онлайн кездесу өтті.

29 наурызда онлайн режимде АТК отырысы өтті. Онда екі мәселе қаралды, атап айтқанда, елордалық адвокаттардың біріне қатысты Қостанай қаласы №2 сотының Жеке қаулысы бойынша тәртіптік іс және Алматы қаласы полиция департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Б. М. Оспанқұловтың Алматы қалалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының өзге адвокатқа қатысты шешімі туралы шағымы қаралды. Келіп түскен өтініштерді қарап, АТК тәртіптік істі қарау барысында анықталған тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты елордалық адвокаттың ісі бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Енді бір адвокатқа қатысты шағымдардың дәлелдерімен ішінара келісу, Алматы қалалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімін өзгерту, тәртіптік жаза шарасын неғұрлым қатаң «сөгіс» шарасына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

30 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, оның барысында сот сараптамалары орталығының 2021 жылға арналған есебі тыңдалды. РАА төрағасы сот сараптамалары орталығының, Республикалық адвокаттар алқасының және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен осы саладағы проблемаларды талқылау үшін дөңгелек үстел өткізуді ұсынды. Ұсыныс қабылданды. Кездесу алдағы айларда жоспарланған. Бұдан басқа, «авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.

30 наурызда Айдын Бикебаев Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық үкіметтік комиссияның 579-шы отырысына қатысты. Отырыс барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы қаралды.

31 наурызда адвокаттар қылмыстық процесте мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу бөлігінде жеке меншік құқығын қорғау тетіктері талқыланған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараны Парламентаризм Институты Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бірлесіп онлайн режимде ұйымдастырды. Талқылауға Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Атамекен» ҰКП және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Адвокаттық қоғамдастықтан жеке меншік құқығын қорғау тетігі мәселелері бойынша дөңгелек үстелге мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеуге қатысты қылмыстық процеске Игорь Вранчев, Сапар Әміртаев, Хамида Айтқалиева, Данияр Қанафин және Анар Құсайынова қатысты. http://advokatura.kz/advokaty-vyrazili-svoyu-pozitsiyu-kasatelno-mehanizma-zashhity-prava-chastnoj-sobstvennosti-v-ugolovnom-protsesse/

РАА ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сапар Абдраманович Амиртаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама бойынша ұсыныс дайындады, ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2021 жылғы 04 маусымдағы №1 Нормативтік қаулысын орындау шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, РАА ҒКК Төрағасы Жоғарғы Соттың салық заңнамасы бойынша нормативтік қаулысы бойынша ұсыныстар және соттардың атқарушылық жазбаны даулау туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы ұсыныстар дайындаған болатын.

31 наурызда Республикалық адвокаттар алқасы мен ҚР Әділет министрлігі 2022 жылғы 11 наурызда дөңгелек үстелде талқыланған адвокаттық қоғамдастықтың проблемалық мәселелерін шешу бойынша Жол картасына қол қойды. Жол картасына сілтеме.

31 наурызда РАА төрағасы және РАА төрағасының орынбасары басқа 47 адвокатпен бірге адвокат Рустам Сафиулловты қорғау бойынша сот процесіне қатысты. Апелляциялық шағым беру кезеңінде адвокаттар бұлтартпау шарасын жеке кепілдікке немесе кепілге өзгертуді сұрады.

2 сәуірде РАА Жоғарғы сотпен және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттарды тағылымдамадан өткізу және олардың біліктілігін арттыру орталығымен бірлесіп «ӘРПК-ын қолданудың практикалық мәселелері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Онлайн шара ZOOM платформасында өткен болатын. Онлайн семинардың дәріскерлері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшіліктік алқасының төрағасы Аслан Сұлтанұлы Түкиев және АҚАА адвокаты Александр Владимирович Каплан болды. Қатысушылардың саны 600 адамнан асты. Вебинар басталғанға дейін дәріскерле электрондық пошталарына тақырып аясында 30-ға жуық сұрақ келіп түссе, онлайн семинар барысында адвокатура үшін өзекті деп танылған тағы 80-нен астам сұрақ жолданды. Қозғалған проблемалардың арасында соттылық даулары, жоғары тұрған органнан апелляция және кассация үшін рұқсат алу, кассациялық сатыдағы судьяларға қосымша  жүк болған кассациялық шағымдар санының көбеюі болды, сонымен қатар актілердің сапасы, дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі болды. Соңғы аталған сұрақ бойынша талқылау барысында бұл мәселелерді жүйелі түрде шешуге және атқарушы биліктің қай органы әкімшілік мәселелерін соңына дейін пысықтамайтынын және әкімшілік етуді қажет ететінін көруге мүмкіндік беретінін анықтауға болатыны айтылды. http://advokatura.kz/rpk-oldanu-m-seleleri-bojynsha…/

Өткен аптада РАА кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 63 хатты құрады. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

РАА төрағасы және төраға орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: