РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 18.04-22.04.2022

РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 18.04.2022-22.04.2022

18 сәуірде РАА төралқасы қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, жұмыс топтарының, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің, жұмыс органдарының, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялардың және өзге де құрылымдардың құрамына кіретін адвокаттардың қызмет Қағидаларын қабылдады. http://advokatura.kz/aza-standy-advokaturany-damytudy-2022-2025-zhyldar-a-arnal-an-t-zhyrymdamasy-abyldandy/

18 сәуірде РАА төрағасы және оның орынбасары Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокатыР. Р. Сафиулловтың апелляциялық сатыда тергеу сотының шешіміне шағымдану бойынша қорғаушы ретінде қатысты.

20 сәуірде адвокатураның тәртіптік комиссиясы Әділет департаментінің ұсынысы бойынша аумақтық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта адвокатураның тәртіптік комиссиясының қарауында 12 тәртіптік іс жатыр.

20 сәуірде РАА атқарушы директоры қаржы мониторингі агенттігі ұйымдастырған қаржы мониторингі субъектілерін айқындау тетіктерін әзірлеуді және заң қоғамдастығы өкілдерінің ақпарат алмасуы мен беруі жөніндегі өзара іс-қимылды талқылау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты. А.Рақымова адвокаттардың Қаржылық мониторинг агенттігінің Деректерді жинау және қаржылық операциялар жүйесінде тіркелуі күмәнді мәмілелерге адвокаттардың қатысу жағдайлары туындаған кезде және адвокаттық құпияны сақтаған жағдайда ғана болуы мүмкін екенін атап өтті.

21 сәуірде РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі Рашид Бекитұлы Евниевті ҒКК хатшысы етіп сайлады. Сондай-ақ, отырыс барысында 2022 жылға арналған ҒКК жұмыс жоспары бекітілді және ҒКК мүшелерінің қашықтықтан өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасау бойынша мәселелер қаралды. Жұмысты цифрландыру аясында ҒКК төрағасы қойылған бірқатар міндеттерді құрылымдауға және орындау мерзімдерін бұзу бойынша жағдайларды азайтуға мүмкіндік беретін Trello бағдарламасын пайдалануды ұсынды. Ұйымдастырушылық сұраулардан басқа, ҒКК мүшелері НҚА-ның бірқатар маңызды жобалары бойынша талқылау өткізді, олардың қорытындылары жүйелендірілді, қалыптасқан ұстаным әзірлеушілерге РКА-ға жіберілді.

21 сәуірде РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысына қатысты, онда «Соттардың Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулы қабылданды. Жоғары Сот органының түсіндіру жұмыстары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер енгізуге, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдауға және құқық қолдану практикасында туындайтын мәселелерге байланысты жүзеге асырылды. Нормативтік қаулыда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын ескере отырып, шарттан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі түсіндіріледі. Мұндай тәртіпті сақтамаудың салдары баяндалған. Құқық қолданушылардың назарына бұл рәсім әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қою талаптарына қолданылмайды.

22 сәуірде РАА төрағасы Қазақстан Республикасындағы заң мамандығы және заң консультанттары Палаталары мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, оның барысында ол әлемдік практикада неғұрлым кең таралған модель ретінде заң кәсібі өкілдерінің өзін-өзі реттейтін ұйымын құру үшін адвокаттық «монополияны» енгізуге қатысты тақырыпты қозғады. Аталған мәселені барлық адвокаттық қоғамдастықпен, заң консультанттары қауымдастығымен талқылау және қазақстандық, әрі шетелдік жетекші ғалымдарды тарта отырып, ғылыми зерттеулер негізінде талқылаулар мен ымыралы нұсқаларды іздеу қорытындылары бойынша шешім қабылдау ұсынылды.

Бір апта ішінде РАА Мемлекет басшысының құқық қорғаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік іргетасы» Жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында көзделген ұсыныстар әзірледі.

Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасының «Адвокаттың процестік мәртебесін арттыру» 6-бөлімінің «Қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету» 1-тармағын, «адвокаттық қызметтің құқықтары мен кепілдіктерін толыққанды іске асыру» 2-тармағын іске асыру үшін нақты заңнамалық тұжырымдамалар әзірленді. Түзетулер ӘҚБтК-не және құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі бейіндік заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Әділет министрлігі дайындаған заң жобасы шеңберінде жіберілді.
Осы Заң жобасы шеңберінде РАА-ның заң консультанттарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерде қорғаушы мәртебесін беруге жол бермеу туралы ұстанымы айтылды.
«Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына РАА оны адвокаттық қызмет кепілдіктерін күшейту мәселелері жөніндегі шараларды нақтылаумен байланысты жаңа тармақтармен толықтыру бойынша ұсыныстар жіберді.
Сондай-ақ Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын алдағы уақытта қалыптастыруға байланысты консультативтік-кеңестік жұмыс жүргізілді. Адвокаттардың заңсыз қол сұғушылықтардан және олардың кәсіби қызметіне кедергілерден қорғалуының жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында осы комиссиямен сапалы өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды.

Өткен аптада РАА-ға кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 61 хатты құрады. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.
РАА төрағасы адвокаттармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: