РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 03.05-06.05.2022

3 мамырда РАА Төрағасы Жоғары Сот Кеңесінің біліктілік комиссиясының отырысын өткізіп, судья болғысы келетін кандидаттармен әңгімелесу өтті.

4 мамырда онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес Әділет министрлігіне адвокаттар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жұмысына кедергі келтіретін заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесу, оның ішінде оларға қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту, күшті және тәуелсіз адвокатура құру, адвокаттардың процестік мәртебесін арттыру мәселелері бойынша ережелерді «Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласында одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына енгізуді ұсынды. Сондай ақ Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету процесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде емлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бағдарламасын қаржыландыру көлемін ұлғайту және осы жүйені жетілдіру бағыттары тілге тиек болды.  http://advokatura.kz/dilet-ministrligini-o-amdy-ke-esi-adam-y-tary-salasynda-at-arylatyn-sharalar-bojynsha-synymdar-abyldandy/

5 мамырда РАА Әділет Министрінің атына әлеуетті ведомстволардың өкілдерімен жұмыс кеңесін ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш жолдады. Аталмыш отырыс барысында ағымдағы жылдың 31 наурызында қол қойылған Жол картасын жүзеге асыру аясында құқық қорғау органдарының ғимараттарына адвокаттардың еркін кіруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелерінде заң көмегін көрсетуде адвокаттық құпияның кепілдіктерін сақтауға, ноутбуктер мен ұялы байланыс құралдарын пайдалану құқығына қатысты мәселелер талқыланбақ (Жол картасының 3, 7-тармақтары).

5 мамырда Адвокатураның тәртіптік комиссиясы үш тәртіптік істі қарады. Отырыс қорытындысы бойынша бір іс аясында Қызылорда адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының төрағасы өкімінің күшін жою және тәртіптік іс жүргізу материалдарын одан әрі талқылау үшін жіберу туралы шешім қабылданды.  Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясының шешімімен келіспеу туралы адвокаттың шағымы қаралған екінші іс аясында шағымды қанағаттандырусыз қалдыру, елордалық алқаның тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыру және адвокатты аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданды. Үшінші мәселе бойынша Алматы облыстық адвокаттар алқасы адвокатының Адвокатураның тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жою туралы өтініші кассациялық сатының осы адвокатты жауапқа тарту үшін бұрын негіз болған соттың жеке қаулысының күшін жоюына байланысты қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта Адвокатураның тәртіптік комиссиясының қарауында 12 тәртіптік іс жатыр.

6 мамырда РАА ғылыми-консультативтік кеңесі жалпы ұстанымды әзірлеу мақсатында мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегі бағдарламасы аясындағы  сағаттық төлемінен бір іс үшін ақы төлеуге («нақты гонорар») көшуге, адвокаттардың құқық қорғау органдарының ғимараттарына еркін кіруіне және мобильді байланыс құралдарын пайдалану құқығына, адвокаттарға мемлекеттік құпияларды қамтитын істер бойынша рұқсат беру тәртібіне, сондай-ақ алқабилер сотының дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Барлық тармақтар бойынша келесі отырысқа ҒКК-нің жалпы ұстанымын қабылдау үшін оларға бекітілген мәселелерді пысықтау үшін ҒКК-нің жауапты мүшелеріне тапсыру шешілді.

Осы аптада республикалық адвокаттар алқасына азаматтар келесі үш адвокатқа алғысын білдіріп хат жолдады: Елена Васильевна Жанатоваға (Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты), Арман Қанжарбекұлы Манкеевке (Шымкент қаласының адвокаттар алқасының адвокаты) және Гүлмира Тоқанқызы Шалдықоваға (Нұр-сұлтан қаласының адвокаттар алқасының адвокаты).  Хаттар тиісті адвокаттар алқаларына оларды көтермелеу мүмкіндігін қарастыру үшін жіберілді.

Өткен аптада РАА келіп түскен кіріс/шығыс құжаттар саны 44 хатты құрады. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

РАА төрағасы адвокаттар алқаларының басқару органдарына шағымдармен де, адвокатура қызметіне қатысты түрлі ұсыныстармен де байланысты мәселелер бойынша адвокаттармен, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдеріменкездесулер өткізді.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: