РАА АДВОКАТТАР САЛЫҒЫН АЗАЙТУДЫ ҰСЫНДЫ

ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы тұжырымдамасының жобасын талқылау кезінде заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК отырысында РАА төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттар үшін салық жүктемесін азайтуды ұсынды.

Салық салу саласында адвокаттар кәсіпкерлермен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен салыстырғанда экономикалық жағдайда тең болмайды. Осыған байланысты РАА төрағасы адвокаттарға ЖТС мөлшерлемелері неғұрлым төмен болатын салық салудың әртүрлі режимдерін таңдауды ұсыну бөлігінде адвокаттық қызметке салық салу тәртібін қайта қарау қажеттігі туралы мәлімдеді.
Сондай-ақ, Айдын Бикебаев адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты олар жұмсаған шығыстарды есептеу кезінде адвокаттарға салық салынатын кірістен шегерім жасау құқығын беру туралы норманы енгізуді жеделдетуді ұсынды.
Аталған мәселені талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық комиссияның төрағасы Н.В. Пан бұл мәселені ҚР Ұлттық экономика Министрлігімен және ҚР Әділет Министрлігімен егжей-тегжейлі талқылау үшін РАА-дан жеке хат жолдауды ұсынды.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: