home-img Позиции ҚР ҚПК-нің 105-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы ШАҒЫМ

ҚР ҚПК-нің 105-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы ШАҒЫМ

ҚР ҚПК-нің 105-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы ШАҒЫМ
10.04.2023

Адвокаттың техникалық құралдарды пайдалануға тыйым салу туралы прокурорға шағымы (стандарт)

 

Прокурор
_____________
(аудан, қала, облыс, прокурордың аты-жөні)

 

 

_________қорғаушысынан/өкілінен
(жауапкердің аты-жөні)

 

__________адвокаты
(алқаның атауы)
____________

(аты-жөні)
____________
(мекенжайы, телефоны, эл.поштасы, т.б.)

 

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы

ШАҒЫМ

 

________ қалалық полиция бөлімінің аға тергеушісі _____________ өндірісінде ___________-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ___ бабының __ бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деп айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

202__ жылғы  «___» _________ тергеуші 202__ жылы «___» ________ ______ қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының (бұдан әрі – УҰИ) жайында / тергеушінің кабинетінде күдіктіні _________ сараптама қорытындыларымен таныстыруды жоспарлап отырғаны туралы маған қорғаушы ретінде хабарлады.

Мен тергеушіге арыз бердім, онда ұялы телефон арқылы тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттерге қатысу мүмкіндігін сұрадым.

Мен УҰИ-ге келгенімде, полиция қызметкері _________ телефонды сақтауға тапсыруымды сұрады, мен оған телефонның қорғаныс үшін қажет екеніне, оның ішінде бейне және фотокамерамен, дауыс жазу құрылғысымен және басқа да қажетті функциялармен қамтамасыз етілгендігінен қарсылық білдірдім.

Қылмыстық іс бойынша құжаттардың көшірмелерін жасау үшін телефон қажет екенін түсіндірдім.

Полиция қызметкері кезекші _________ шақырды, ол да мені өткізуден бас тартты. «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Заңның нормаларына негізделген уақытша ұстау изоляторының (УҰИ) ішкі тәртіп ережелері, адвокаттардың емес, ұсталғандардың құқықтары мен міндеттерін реттейді деген менің уәжімім  бойынша кезекші ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларының Ережелерін, ішкі тәртіп ережелерін сақтайтынын айтты.

Ақыры телефонды сақтауға тапсырудан бас тартқандықтан, мені полиция бөлімінің ғимаратына кіргізбеді.

Бұл әрекеттер адвокаттық қызметтің кепілдіктерін өрескел бұзады және келесі себептер бойынша заңсыз болып табылады:

 

Әкімшілік ғимараттарына және күзетілетін объектілерге өткізу режимі  жөніндегі ведомстволық нұсқаулыққа полиция қызметкерлерінің сілтемесі негізсіз, өйткені Нұсқаулық полиция ғимаратында клиенттерге заң көмегін көрсету үшін кірген адвокаттарға емес, полиция қызметкерлерінің қызметтік пайдалануы үшін әзірлеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес заң көмегі – әркімнің Қазақстан Республикасының Конституциясы 13-бабының 3-тармағында бекітілген және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiктi заң көмегiн алуға құқығын, оның iшiнде арнаулы құқықтық бiлiмдерi мен дағдыларын пайдалана отырып, іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған әрекет.

Адвокаттың заң көмегін көрсету кезінде техникалық құралдарды пайдалану мүмкіндігі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларында тікелей көзделген. Бұл мүмкіндік білікті заң көмегінің барынша тиімді болуын қамтамасыз етуге тікелей бағытталған.

Конституцияның 16-бабының 3-тармағына сәйкес әрбiр ұсталған, қамауға алынған, қылмыс жасады деп айыпталған адам тиiсiнше ұсталған, қамауға алынған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Істің барлық сатыларында техникалық құралдарды қолдану адвокатқа клиенттің орналасқан жерінде немесе қажет болатын кез келген басқа жерде кідіріссіз көмек көрсетуді бастауға мүмкіндік береді.

Конституцияның 39-бабының 3-тармағына сәйкес білікті заң көмегін алу құқығы ешбір жағдайда шектелмейді.

Конституцияның 14-бабының 1-тармағына сәйкес заң мен сот алдында барлығы тең. Полиция қызметкерлерінің бұл әрекеттері оларға қатысты мұндай шектеулер қолданылмайтын прокурорлар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұқсас құқықтарымен салыстырғанда адвокат құқықтарының теңдігінің конституциялық принципін бұзады.

Тергеу әрекетіне қатысатын тергеушіге полиция бөлімшесінің ғимаратында тергеу әрекетін жүргізу кезінде ұялы телефонды, оның ішінде камера, сканер, дауыс жазу құрылғысы сияқты функцияларын пайдалануға рұқсат етіледі, ал қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа құқық қорғау органдарының уақытша ұстау изоляторында және басқа үй-жайларында бұған тыйым салынады, бұл Конституцияның 13-бабын бұза отырып, сотталушының білікті заң көмегін алу құқығын шектейді.

Конституцияның 24-бабының 2-тармағына сәйкес  Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Полиция қызметкерлерінің бұл әрекеттері адвокаттарды олардың жұмысын тиімді ұйымдастыру және қолайлы еңбек жағдайларын жасау мәселелерінде қылмыстық процестің басқа қатысушыларымен салыстырғанда негізсіз кемсітушілікке ұшыратады.

Адвокаттың құқық қорғау органдарының ғимараттарында смартфон және ноутбукпен болуын шектеу негізсіз және тараптар арасындағы бәсекелестік қағидасын бұзады. Мұндай шектеулер адвокаттың адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі заңды қызметіне кедергі келтіруге бағытталған.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттері келесі заңнама және халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді:

• Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағы, оған сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар;

• Конституцияның 16-бабының 3-тармағы, оған сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы;

• Конституцияның 39-бабының 3-тармағы, оған сәйкес білікті заң көмегін алу құқығы еш бір жағдайда да шектелмеуге тиіс;

• Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 26-бабының 2-бөлігі, оған сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктіге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсіндіруге және барлық заңмен тыйым салынбаған тәсілдермен оларға күдіктен қорғану мүмкіндігін беруге, сондай-ақ олардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау шараларын қабылдауға міндетті.

• Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 27-бабының 1-бөлігі, оған сәйкес әркімнің Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізу барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар;

• Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 70-бабының 1-бөлігі, оған сәйкес қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi;

• Қылмыстық-процестік кодексінің 70-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, оған сәйкес қорғаушы қамауға алу хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен және бұлтартпау шарасын ұзарту туралы қаулымен, күдіктінің немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге, айыпталушы ұсынылған немесе ұсынылуға тиіс болған қамауда ұстау мерзімі, үйқамақ, істі қарау мерзімінің үзілгені туралы хабарламамен танысуға құқылы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін – барлық материалдармен бірге одан кез келген ақпаратты кез келген көлемде жазып, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың тізімін қоспағанда, көшірмелерін жасауға; айыптау тарапының куәгерлері, күдіктіні күдікті деп тану туралы қаулыны, күдіктінің әрекетінің саралануын хабарлау кезінде қатысуға құқылы.

• Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 70-бабы 2-бөлігінің 12) тармағында қорғаушының заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен әдістерін пайдалануға құқығы бар екендігі белгіленген;

• Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 120-бабының 3-бөлігі, оған сәйкес құжаттарда жазбаша түрде де, өзге де нысанда жазылған мәліметтер болуы мүмкін. Құжаттарға, сонымен қатар, түсініктемелер, түгендеу актілері, тексерулер, анықтамалар, салықтық тексерулер актілері, салық органдарының қорытындылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 122-бабында көзделген тәртіппен алынған, сұратылған немесе ұсынылған компьютерлік ақпарат, фото және кино түсіру, дыбыс және бейне жазбалар бар материалдар жатады;

• «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 6-бабы, оған сәйкес прокуратураның, соттардың, өзге де мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдар мен адамдардың заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметіне араласуына жол берілмейді;

• аталған Заңның 33-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы, оған сәйкес адвокат барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және заңды тұлғалардан адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;

• аталған Заңның 33-бабының 3-тармағының 3) тармақшасы, ол адвокаттың құқықтық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде қажетті нақты деректерді өз бетінше жинау және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ұсыну құқығына кепілдік береді;

• аталған Заңның 33-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы, оған сәйкес адвокат көмек сұрап жүгінген адамға қатысты материалдармен, оның ішінде іс жүргізу құжаттарымен, тергеу және сот істерімен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген жолмен сот ісін жүргізуге және сотқа жүгінген кездегі сот істерін жазып алуға құқылы;

• аталған Заңның 33-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында адвокаттың мемлекеттік құпияларды құрайтын, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын мәліметтермен, егер бұл анықтау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде, сотта Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғау немесе өкілдік ету үшін қажет болса, танысуға құқығы бар;

• аталған Заңның 33-бабы 3-тармағының 9) тармақшасы, оған сәйкес адвокат заң көмегіне жүгінген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңмен тыйым салынбаған барлық құралдар мен әдістерді пайдалануға құқылы;

• аталған заңның 33-бабының 4-тармағы, оған сәйкес мемлекеттік орган немесе лауазымды адам, заң көмегіне жүгінген адамның мүдделерін білдіру үшін адвокаттың құқығын танудан бас тарта алмайды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, және бұл норма адвокаттың соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адвокат куәлігі ұсынуы бойынша еркін кіру құқығын да белгілейтін;

• Аталған Заңның 35-бабының 5-тармағында адвокаттың іс жүргізуі, оған қатысты басқа да материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс, аудиотехника, компьютерлік техника сараптамаға, алып қою және тексеруге жатпайды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда;

• Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабының 3-тармағының а) тармақшасы, оған сәйкес осы Пактіге қатысушы әрбір мемлекет құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез келген адамға, тіпті егер бұл бұзушылық қызметтік міндеттерін атқаратын адамдар жасаған болса да, тиімді қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді;

• Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабының 3-тармағының (c) тармақшасы, құзыретті органдардың құқық қорғау құралдарының қол жетімділігін қамтамасыз ету міндетін қамтиды;

• Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 3-тармағының б) тармақшасы, оған сәйкес әркімнің қорғауға дайындалу және өз таңдауы бойынша қорғаушымен сөйлесу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндіктері болуға құқығы бар;

• Адвокаттардың рөлі туралы негізгі қағидаттардың 16-тармағының а) тармақшасы, онда үкіметтер адвокаттардың қауіп-қатерлерден, кедергілерден, қорқытулардан немесе орынсыз араласулардан бос ортада өздерінің барлық кәсіби міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді;

• Аталған Негізгі қағидаттардың 20-тармағы, оған сәйкес құзырлы органдар адвокаттарға өз клиенттеріне тиімді заң көмегін көрсетуге мүмкіндік беру үшін олардың иелігіндегі немесе бақылауындағы тиісті ақпаратқа, істерге және құжаттарға жеткілікті алдын ала қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай қолжетімділік қажеттілік туындаған кезде тез арада қамтамасыз етілуі керек;

• Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстық сот төрелігі жүйелеріндегі заң көмегіне қол жеткізу қағидаттарының 16-тармағы, оған сәйкес мемлекет заң көмегін алушыны қорғауды ұйымдастыруға немесе оның адвокатының функцияларын дербес жүзеге асыруға араласпауы тиіс;

• осы Қағидалардың 28-тармағы, оған сәйкес тиімді заң көмегі қамауға алынғандарға қорғаушыларға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуді, хабарламалардың құпиялылығын, іс материалдарымен танысуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ оларды қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді;

• осы Қағидалардың 44-тармағының а) тармақшасы, оған сәйкес қамауға алынғандардың заңмен белгіленген заң көмегіне тез қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттер қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты ұсталған, қамауға алынған, күдікті немесе айыпталушы немесе жауапкершілікке тартылған адамдарға полиция бөлімшелерінде полиция мен сот органдарының заң көмегін алу құқығын немесе оған қол жеткізуді еркін түрде шектемеуін қамтамасыз етуі тиіс;

• аталған тармақтың b) тармақшасы, ол мемлекеттердің полиция бөлімшелерінде және басқа қамау орындарында ұсталғандарға осындай көмек көрсету үшін көмек көрсету үшін тағайындалған адвокаттарға қол жеткізуді жеңілдетуді талап етеді;

• осы тармақтың (g) тармақшасы, ол мемлекеттерге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған әрбір адамның өзін қорғауға дайындалу үшін жеткілікті құралдары болмаған жағдайда жеткілікті уақыттың, қаражаттың және техникалық және қаржылық қолдаудың болуын және толық құпиялылық жағдайында адвокатпен кеңесу мүмкіндігін қамтамасыз ету міндетін белгілейді.

Адвокатқа заң көмегін көрсету кезінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау міндеті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 33-бабында белгіленген. Мемлекеттік құпияларды қорғау, ішкі істер органдары объектілерінің қауіпсіздігін және терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері адвокаттардың өз қорғауындағы адамдарға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуге техникалық құралдарын әкелуге тыйым салуды қамтымайтын тиісті заңдармен реттеледі.

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Заңның 15-бабының нормасы қорғаушыға қылмыстық іс материалдарын жазу (көшіру) үшін қажет және тек көрсетілген мақсаттарда ғана пайдаланылатын камерамен, сканермен, дауыс жазу құрылғысымен жабдықталған ұялы байланыс құралдарын алып кіруге тыйым салмайды.

Жоғарыда аталған нормаларды сөзбе-сөз түсіндіруден шығатыны, адвокат, қорғаушы техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс материалдарында қамтылған мәліметтерді өз бетінше жазып алуға, оның ішінде қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін жасауға құқылы.

Адвокаттың бұл құқығы жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың міндеттеріне, оған өз құқықтарын жүзеге асыру үшін техникалық құралдарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге сәйкес келеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде,

 

өтінемін:

1. _____ қалалық полиция Басқармасы ___аты-жөні___ қызметкерлерінің келесі іс-әрекеттері заңсыз деп танылсын: _______ қаланың полиция бөлімінің әкімшілік ғимараттарының аумағындағы тергеу іс-шаралары мен әрекеттерді жүргізетін жерге аудио-бейне жазу мүмкіндігі, Интернет желісіне қосылу функциясы бар ұялы телефонмен кіруіме тыйым салу.

2. Аталған лауазымды тұлғаларға адвокатқа кәсіптік міндеттерін орындау үшін қажетті ұялы телефонмен клиентке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жіберілген бұзушылықты толығымен жою міндеттелсін.

 

 

Қолданбалар:
1. Қорғау (өкілдік) туралы хабарлама.
2. Адвокат куәлігінің көшірмесі.

 

Адвокат ________

 

«__» _______ 202__ ж.

 

03.04.2024

РАА ҚР ҚПК 127-бабының 4-бөл ҚР Конституциясының 13, 14, 76, 77-бабтарына сәйкестігі мәселесі бойынша ҰСТАНЫМЫ

15.03.2024