home-img Позиции Адвокаттар мен заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсетуі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы.

Адвокаттар мен заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсетуі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы.

Адвокаттар мен заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсетуі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы.
23.05.2023

2023 жылғы 23 мамыр, сағат 16.00

 

Адвокаттар мен заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсетуі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы.

 

Құрметті депутаттар, мемлекет органдардың өкілдері, әріптестер!

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне осы көшпелі отырысты ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.

Конституцияның 13-бабында әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі екені бекітілген.

Жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсетудің конституциялық-құқықтық міндеті, негізінен, адвокаттардың міндеті болып табылады (Бұл Конституциялық кеңестің бірнеше нормативтік қаулыстарыммен бекітілген).

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелүлы Тоқаев мықты және тәуелсіз адвокатураның қажеттілігін, прокурор мен адвокаттың теңдігін қамтамасыз ету, адвокаттар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жұмысына кедергі келтіретін заңға қайшы әрекеттерді болдырмау қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын.

Бүгінгі таңда азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығына мыналар тікелей әсер етеді:

1. Заңнамада бекітілген адвокаттардың құқықтары мен адвокаттық қызметтің кепілдіктерінің көлемі жеткіліксіз. Қолданыстағы нормалар толық көлемде қолданылмайды немесе заңға тәуелді актілермен жұмыс істемейді;

Мысалы, адвокаттардың заң көмегін көрсету үшін құқық қорғау органдарының ғимараттарына еркін кіру құқығын шектейтін әртүрлі ведомствоаралық бұйрықтар мен нұсқаулар бар. Немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адвокаттардың өз қорғауындағыларымен кездесуі барысында құпиялылықты толық сақтау кепілдіктері жеткіліксіз. Былтыр тұра осындай отырыста осы проблеманы айтып едік. Шешімін әлі тапқан жоқпыз.

ҚПК мен ҚК-дерін түзету қажет, бұл ретте депутаттардан ҚК мен ҚПК оңтайландыру жөніндегі заң жобасына адвокатура ұсынған бірақ ресми жобаға кірмеген нормаларға бастамашылық жасау туралы өтінішіміз бар, бізде әзірленген нақты ұсыныстар бар. Бейіндік заң жобасына да ұсыныстар бар, олар қазіргі уақытта пысықталуда.

2. Іс жүзінде қорғаушылар кәсіби қызметінде үнемі кедергілерге тап болады, ал бұл үшін жауапкершілікке тарту механизмі жұмыс істемейді.

Адвокаттық қызметке кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктің қолданыстағы нормасы жұмыс істемейді, оның бүкіл тарихында бірде-бір қылмыстық жауаптылыққа тарту оқиғасы болған емес.

Сондықтан біз ҚР ҚК 435-бабының формалды құрамын бекітуді ұсынамыз. Мәжілісте бұл түзетуге қолдау болады деп үміттенеміз.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адвокат қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілігі қарастырылмаған. Тек адвокаттық сұрау салуға жауап бермегені үшін жауапкершілік жұмыс істейді. Бұл жеткіліксіз, өйткені адвокаттық сұрау салу бұл сапалы заң көмегінің маңызды құралдарының бірі ғана.

3. Жарамсыз (лайықсыз) кадрлардың мамандыққа қол жеткізу мәселелері.

Халықаралық адвокаттар қауымдастығының стандарттарында адвокат болам деген адамдарға қойылатын талаптардың бірі  - ол жоғары бедел иесі болу. Бізде бұл жоқ және болатыны көрінбейді.  Сонымен қатар, бірқатар тұлғалар аттестациядан босатылған. Осының бәрі біздің кадрлардың сапасына әсер етеді.

4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қамтитын бағдарлама дұрыс жұмыс істемейді. Бұл жерде екі проблема бар:

1) Төлеу мөлшерлемелері өте төмен.

«Аманат» партиясы өз бағдарламасында 2019 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін екі есе ұлғайтуды қарастырған болатын. Шын мәнінде, бүгінгі күні тарифтердің өсуі болған жоқ. Бағдарлама өз мақсатына жеткен жоқ десек болады. Үш жарым жыл өтті, тарифтерді өзгерту бойынша жұмыс сол қалпында. Бұл дұрыс емес. Қолданыстағы тарифтер бойынша біздің есептеуіміз бойынша адвокат айына шамамен 80 мың теңге алады. Жоғарғы интеллектуалды, қауыпқа толы жұмысқа осындай сомма өте аз төлем.

2) Төлем механизмінің өзі адвокатты тергеушіге тәуелді етеді. Ақшаны адвокат егер тергеуші келіссе ғана ала алады. Соның қолы қойылған құжат керек. Бұл адвокатты тергеушінің үстіне арыз жазбауға, артық ходатайстволарды (өтінішхат) жібермеуге итермелейді, мәжбүрлейді.

Осылайша көрсетілетін көмектің сапасы туралы айтудың қажеті жоқ екені түсінікті.

5. Адвокаттарға салық салу және әлеуметтік қорғау мәселелері.

Адвокат жеке кәсіпкер сияқты жоғары тәуекелді қызмет атқарады. Егер адвокат танымал болмаса, оның қызметтері талап етілмейді. Сондықтан барлық адвокаттар жақсы табыс таба бермейді. Жеке кәсіпкерлермен салыстырсақ адвокаттың міндетті түрде кеңсесі болуы керек, алқаға ай сайын жарналарды төлеуі қажет, адвокатқа басқа жұмыстармен айналысуға заңмен тыйым салынған. Бірақта кәсіпкерлер 3% табыс салығын төлейді, және тапқан табыстан шегерімдер істеуге құққысы бар. Ал адвокаттар жеке табыс салығы 10% және жасаған шығындарын алған сомасынан алып тастауға құқысы жоқ. Біз бұл проблемамен бірнеше рет Ұлттық экономика және басқа министрліктеріне жүгіндік, алайда біздің ұстанымымыз үзілді-кесілді қолдау таппады.

6. Параллельді адвокатураның болуы.

Бізде сот өкілеттігін жасауға құқылы екі кәсіби институт бар: адвокатура және заң консультантары. Дамыған құқықтық жүйесі бар елдердің көпшілігінде өзін-өзі басқаратын бірыңғай ұйымы бар бір мамандық қана бар - lawyer. Қандай себептермен бір кәсіпті екіге бөлгеніміз түсініксіз. Осындай тәжірибе еш мемлекетте жоқ.

Айтылғанға байланысты РАА:

• Бастама көтеріп, Қазақстан адвокатурасын дамытудың 2022–2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан – жаңа адвокатура» тұжырымдамасын әзірледі;

• Адвокаттар мен адвокатураның жәй-күйі бойынша 2022 жылғы Ұлттық баяндаманы жариялады;

• Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырыстары аясында проблемаларды көтерді;

• ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының алдында барлық мәселелерді көтерді;

• Үш ай бойы Сенаттың жұмыс тобының құрамында адвокаттар алқасын дамыту Тұжырымдамасын іске асыру аясында заң жобасын талқылады. Екі оқылымда талқылау аяқталды, бірақ заң жобасы қарауға әлі күнге дейін енгізілмеді.

Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша адвокаттық ұйымдарға да, Үкіметке де ұсыныстар әзірленді. Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қазақстан адвокатурасын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының бірыңғай заң жобасын әзірлеуді бастауды ұсынды.

Алайда, Президенттің бағдарламалық нұсқауларына, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Мәжіліс депутаттары әзірлеген ұсынымдарға қарамастан, іс жүзінде адвокат мәртебесін көтерудің қазіргі процесі жеткіліксіз қарқынмен жүзеге асырылуда.

Біздің ойымызша азаматтардың білікті заң көмегіне конституциялық құқығын сапалы түрде жүзеге асыру бірқатар жүйелі, кешенді заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылданғаннан кейін ғана мүмкін болатынына нық сенімдіміз.

Біз жаңа тағайындалған Әділет министірімен кәзір тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Көп нәрсеге көзқарасымыз бірдей. Осы жылы жақсы нәтижелерге жетеміз деп ойлаймын.   

1. Адвокаттық қызмет кепілдіктерін күшейту, адвокаттың процессуалдық мәртебесін арттыру (негізгілері)

1)    адвокаттың компьютерлерді, смартфондарды және өзге де техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып, әкімшілік үй-жайларға еркін кіру құқығын заңнамалық тұрғыда бекіту;

2)    адвокаттың барлық тергеулерге қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жүргізу туралы алдын ала хабарлау жөніндегі органның міндетін бекіту;

3)    адвокатты мемлекеттік құпияларға арнайы рұқсат алу қажеттілігін жою, оны жария етпеу туралы жазылымға ауыстыру;

4)    сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін адвокатқа берілетін қылмыстық істің құжаттары мен материалдарының тізбесін олардың көшірмелерін алу мүмкіндігімен кеңейту;

5)    адвокаттың сауалға жазбаша жауап беру жөніндегі міндетті сақтамағаны үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің лауазымды адамдарының әкімшілік жауапкершілігін бекіту;

6)    адвокаттардың қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік туралы нормаларды қайта қарау, атап айтқанда, осындай жауапкершілік туындайтын нақты әрекеттерді тізімдеу;

7)    адвокатқа қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектілерін талап ету қажеттілігі болмаған жағдайдан бөлек кезде де сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық жасау құқығын беру;

8)    қорғауындағы адаммен кездесудің құпиялылығына қатысты адвокаттың құқығын қатаң сақтауды қамтамасыз ету;

9)    адвокаттың үй-жайынаа кіруге, адвокаттың заттары мен құжаттарын тексеруге, тінтуге, алып қоюға тыйым салу;

10)  адвокатқа қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын және (немесе) тергеу іс-қимылдарын жүргізу нәтижесінде алынған нақты деректерді қорғауындағы адамды айыптаудың дәлелі ретінде қолдануға жол бермеу.

2. Мамандыққа қол жеткізу проблемалары.

Заң көмегінің сапасы адвокаттар корпусының құрамына тікелей байланысты.

1)    Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия құрамының көпшілігі адвокаттар болуы тиіс (бүгінгі таңда 7 мүшенің тек 3-і ғана). Комиссия төрағасы да адвокат болуы керек;

2)    комиссиялардың дербес құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс регламентін РАА шешімімен (қазіргідей Әділет министрінің бұйрығымен емес) бекіту ұсынылады);

3)    заңнаманы компьютерлік тестілеу түріндегі бірінші кезеңді қалдыру керек. Екінші кезең комиссия мүшелерімен әңгімелесу болуы тиіс;

4)    бұрынғы судьяларды, прокурорларды және тергеушілерді аттестаттаудан босататын Ереженің күшін жою қажет;

5)    адвокаттың заңнаманы, кәсіптік әдепті, заң көмегін көрсету қағидаттарын бұзуы салдарынан лицензиядан айыру туралы талап арыз берілгенге дейін осы мәселе бойынша шешімді тәртіптік комиссия қабылдауы тиіс;

6)    адвокатураға, құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне қатысты Үкімет қаулыларының барлық жобалары міндетті түрде РАА-мен келісілуі тиіс (кәсіпкерлік мәселелері бойынша «Атамекен» ҰКП ұқсас).

3. Адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу мәселелері.

1)    мемлекет тарапынан қаржыландыруды ұлғайту жолымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алу жүйесіне қатысатын адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу мөлшерін ұлғайту; адвокаттардың еңбегін минуттық есептеу практикасынан міндетті түрде бір сағатқа дейін ұлғайту жолымен адвокаттың жолға жұмсаған уақытын ескеру;

2)    азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын қосу арқылы тегін заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту және адвокаттың қатысуы міндетті болып табылатын азаматтар қатысатын істер санаттарын белгілеу;

3)    сот процесінде өкілдердің көмегіне ақы төлеуге қатысты шығыстарды өтеу бөлігінде заңнаманы қайта қарау қажет;

4)    заң көмегіне ақы төлеу міндеті істің оң нәтижесіне байланысты болған кездерде адвокаттарға «сәттілік» ақысын белгілеуге рұқсат беру.

4.   Адвокаттарға қатысты әлеуметтік және салықтық әділеттілік

1)    адвокаттың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына және өзге де ақы төленетін лауазымға орналасуына тыйым салудың күшін жою;

2)    адвокаттарға шағын бизнес субъектілері үшін көзделген арнайы салық режимдерін пайдалану құқығын беру;

3)    жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын адвокаттарға адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты барлық шығындарды салық салынатын кірістен шегеру құқығын беру;

4)    адвокат кәсібін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша субъектілер тізбесіне енгізу.

5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіндегі заң консультантары – параллельді адвокатура.

Біз мемлекеттің халықтың әлеуметтік осал топтары туралы қамқорлығын және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар субъектілерді кеңейту жөніндегі бастаманы құптаймыз және қолдаймыз.

Алайда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге құқығы бар субъектілер шеңберіне заң консультанттарын қосу мұндай субъектінің мәртебесіне қайшы келеді.

1. Мамандыққа кірудегі және тәртіптік жауапкершілік мәселелеріндегі заңнамалық айырмашылық.

2. Заң консультанттары палаталары тиісті түрде құрылмаған, республикалық алқаға міндетті мүшелік жоқ. Осыған байланысты істерді заң консультанттары арасында қалай бөлінетіні түсініксіз. Бюджет қаражатына қатысты мәселелерді заңға тәуелді актілерге көшіру олардың дұрыс жұмсалмауына қатысты тәуекелдер туғызады.

Біздің ойымызша жүйелі тәсілді қолдану қажет, алдымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатын кеңейту қажет, егер адвокаттар бұл көлемді игере алмаса - бұл заңнамалық проблемаға айналса - заң консультанттарын мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне заңнамалық түрде енгізу қажет.

Осыған байланысты міндетті мүшелік, кәсіпке кіру, тәртіптік жауапкершілікке байланысты мәселелер тиісті түрде шешілгенге дейін, мысалы, 2026 жылға дейін мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне заң консультанттарын енгізуді тоқтата тұру туралы мәселені қарастыру ұсынылады.

 

 

03.04.2024

РАА ҚР ҚПК 127-бабының 4-бөл ҚР Конституциясының 13, 14, 76, 77-бабтарына сәйкестігі мәселесі бойынша ҰСТАНЫМЫ

15.03.2024