home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАA EUROPEAN ASSOCIATION OF LAWYERS (AEA – EAL) МҮШЕСІ БОЛДЫ

РАA EUROPEAN ASSOCIATION OF LAWYERS (AEA – EAL) МҮШЕСІ БОЛДЫ

РАA EUROPEAN ASSOCIATION OF LAWYERS (AEA – EAL) МҮШЕСІ БОЛДЫ
06.03.2024

Қазақстандық адвокатураның әлемдік адвокаттар қауымдастығымен халықаралық байланысын нығайту мақсатында 2023 жылдың соңында РАА  Еуропалық заңгерлер қауымдастығына (European association of lawyers - AEA – EAL) Республикалық адвокаттар алқасын бұл ұйымға мүшелікке қабылдау туралы бастама көтерді.

Қазақстандық адвокаттар алқасының өтініші қолдау тауып, 2024 жылдан бастап Республикалық адвокаттар алқасы European association of lawyers мүшесі болып табылады.

1986 жылы бір топ көрнекті заңгерлер заңгерлер арасындағы байланысты нығайту, трансшекаралық салаларда тәжірибе алмасу және еуропалық құқық саласындағы білімдерін кеңейту мақсатында AEA – EAL (Еуропалық заңгерлер қауымдастығы) ұйымын құрды. Бүгінгі таңда AEA әртүрлі еуропалық елдерден, сондай-ақ АҚШ-тан келген көптеген жоғары білікті мамандарды біріктіреді.

Жыл сайын AEA-EAL Еуропаның әртүрлі бөліктерінде өзекті құқықтық мәселелерді шешу және кәсіби байланыстарды нығайту және адвокаттар арасында қоғамдастық сезімін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді және олардың барысында заң тәжірибесінің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылады. Біз РАА-ның AEA-EAL-ға мүшелігі қазақстандық адвокаттарының кәсіби өсуін ынталандыруға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және құқық саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатынына сенімдіміз.

European association of lawyers-пен бірлескен іс-шаралар туралы ақпарат РАА сайтында, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланады.