НЕГІЗГІ ЗАҢ АПТАЛЫҒЫ

ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Негізгі Заң апталығы» акциясы бүкіл республика бойынша жалғасуда.

Аумақтық адвокаттар алқалары өткізіп жатқан «ашық есік күндері» заң көмегіне мұқтаж әр азамат көкейкесті сұрақтар бойынша  тегін құқықтық консультациялар ала алады.

Республикалық адвокаттар алқасына аумақтық алқалардан акция аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар келіп түсуде. Акцияның алғашқы күнінде азматтар қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамаларына қатысты құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар алды.  Ал азаматтарды алаңдатын сұрақтар көбінесе неке-отбасы заңнамасына байланысты, оның ішінде алименттік міндеттемелер, некеден ажырасу, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, банк несиелері және жер учаскелеріне иелену мәселелері, екені анықталды.

Көптеген адвокаттар алқалары бұл акцияны әділет департаменттерінің және нотариаттық палаталардың өкілдерімен бірлесе өткізуде. Тегін құқықтық консультациялар беру орны тек алқалар немесе адвокаттық кеңселермен шектелмей, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, әділет департаменттерінің ғимараттарында және мәдени демалыс орындарында, атап айтқанда, алаңдар мен саябақтарда азаматтарды уақытша қабылдау пункттерінде ұйымдастырылуда.

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: