Нақты прогресс үшін кезең

Республикалық адвокаттар алқасында Еуропалық Одақ өкілдерімен «Қазақстандағы қылмыстық сот  төрелігін жетілдіру» жобасына қатысты кездесу өткізілді.

Бүгін Республикалық адвокаттар алқасында «Қазақстандағы қылмыстық сот  төрелігін жетілдіру» ЕО жобасының басшысы Билл Мейзер және жобаның ұлттық сарапшысы Ерғалиева Назгүл болып қайтты. Естеріңізге сала кетейік, осы жобаның негізгі мақсаты халықаралық қылмыстық сот төрелігі жүйесінің стандарттарына сәйкес Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаларды қолдау болып табылады.

Жобаның өкілдерімен Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел және атқарушы директор Сергей Сизинцев кездесті. Кездесуде одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. РАА төрағасы атап өткендей, кез-келген демократиялық бастамаларда, соның ішінде құқықтық реформаларда адвокатураның даму деңгейі маңызды. «Адвокатураның даму деңгейі – бұл мемлекеттің құқықтық-демократиялық дамуының басты критерийі» және «Адвокаттық қызмет әрқашан ең өзекті мәселелерді қозғау тән болған» — деп атап өтті Ануар Құрманбайұлы.

Өз кезегінде, Билл Мейзер : «Мен нақты прогресс үшін кезең көріп отырмын.Оң нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстанның барлық ақыл-парасатын  біріктіру қажет.Менің ойымша, біздің жобамыздың іске асырудың ең басты жетістігі – қоғамға пайда әкелетін нәтиже әкелу. Мен бүгін біздің кездесуіміздің маңыздылығын түсінемін» ,- деп кездесудің маңыздылығын бағалады.

РАА Баспасөз қызметі

Добавить комментарий: