Марат Бекетаев Республикалық адвокаттар алқасының жаңадан сайланған төрайымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұхановамен кездесті.

Министр Қ.Баймұханованы жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Марат Бекетаевтың айтуынша, жаңа сайланған төрайымның кәсіби тәжірибесі мен білімі, сондай-ақ жеке қасиеттері Алқаның жұмысын барынша тиімді жүргізуге септігін тигізеді. Министр адвокатура институтының дамуы мен нығаюы жолында, Әділет министрлігі, құзырлы орган ретінде конструктивті ынтымақтастық орнатуға үміттеніп отырғанын айтты.

Өз кезегінде, Қадыржан Баймұханова жылы тілектері үшін министрге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол Республикалық адвокаттар қауымдастығы ашық диалог пен бірлесіп қызмет етуге дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, 23 қарашада Астана қаласында Адвокаттар алқасының республикалық конференциясы өтті. Шараға қатысушылардың басым дауысын жинаған Қадыржан Баймұханова Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы болып сайланды. Бұған дейін ол РАА төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: