ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ САНАТТАРЫНА ЖАТАТЫН АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ

Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға тегін заң көмегін көрсету іс-шарасына қатысты. 

Іс-шара «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» Қоғамдық Бірлестігінде өтті. Іс-шараға Әділет департаментінің өкілдері, адвокаттар мен нотариустар қатысты.

Адвокаттар Гүлнар Айбекова мен Әділ Түлкібаевтың айтуынша, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаларға еңбек қатынастары, жеке кәсіпкерлердің қызметі, әке болуды анықтау, алимент өндіру, кәмелетке толмағандарды тіркеу, жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру, мүгедектік тобын өзгерту және т.б. сұрақтар бойынша құқықтық консультациялар түрінде көмек көрсетілген.

Сонымен қатар, адвокаттар кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасады

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: