КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН!

Құрметті адвокаттар, әріптестер, достар!

Сіздерді Қазақстан мемлекеттілігінің басты мейрамы, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын!

Конституция — елдегі тұрақтылық, бейбітшілік және келісімділіктің кілті болып, адам өмірінің ең жоғары мәндерін – құқығы мен бостандығын мәлімдеген біздің негізгі Заң, мемлекетіміздің демократиялық дамуының берік іргетасы.

Конституциясы жоқ мемлекет — қағидасы жоқ адам сияқты. Конституция жай ғана заң бола қоймай, бізге еркіндік, теңдік және бірлікті кепіл етіп, біздің өміріміздің негізін анықтайды.

Конституция әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Азаматтардың толық құқықтарын және Заң алдындағы теңдігін қамсыздандыру кез келген мемлекеттің болашағымен тығыз байланысты болғандықтан, адамдардың мүдделерін, құқықтарын және қадір-қасиетін қорғау адвокаттардың тікелей Конституциялық міндеті болып табылады.

Осы күні, елімізге бейбітшілік пен өркендеуді, әрқайсымызға — денсаулық және сәттілік тілеймін!

 

Ануар Түгел

   Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы

Добавить комментарий: