КӘСІПКЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҒЫ ҮШІН МАРАПАТТАЛАДЫ

Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы қазақстандық адвокат Айгүл Ізімбергенқызы Оңдасынованы «Кәсібіне деген адалдығы үшін» медалімен (қайтыс болғаннан кейін) марапаттау туралы шешім қабылдады.

Оңдасынова Айгүл Ізімбергенқызы 2019 жылдың 5 тамызында ауыр науқастан (4 дәрежелі онкология) қайтыс болды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол өз кәсібіне адал болды және денсаулығындағы ақауға қарамастан өз клиенттерінің құқықтарын қорғап келді.

Адвокаттың өміріндегі ең атаулы және, өкінішке орай, соңғы іс — «Тальго ісі» болатын.

Еске салайық, 2019 жылдың 26 шілдесінде Қостанай қаласының соты «Тұлпар-Тальго» пойызының жолаушысын зорлау ісі бойынша үкім шығарды. Сотталушылар қатарында екі жолсерік болды. Зардап шеккен әйел «Не молчи.kz» қорынан көмек сұрағаннан кейін аты шулы жағдай көпшілікке мәшһүр болған. Зорлады деп айыпталғандар жұмыстан шеттетіліп, ауыр да, ұзақ тергеу жұмысы басталды.

Жәбірленуші әйел Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Оңдасынова Айгүл Ізімбергенқызымен танысып, жағдайын айтқан екен. Сол сәттен қорғаушы бұл істі өз қолына алуға келіседі.

2019 жылғы 26 шілдеде бірінші сатыдағы сот жолсеріктерді айыпты деп танып, оларды 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға және әрқайсысына 15 АЕК-тен айыппұл салуға үкім шығарды.

Қорғаушы үкім жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қайтыс болды. «Не молчи.kz» қозғалысының жетекшілері Facebook-тегі өз парақшасында бұл жан түршіктірер іс жайлы неге ұзақ уақыт тіс жармағандары туралы хабарлама жариялады.

«Біз екі жыл бойы үндемедік, өйткені сол жылы зорлық-зомбылықтан аман қалған әйел адамға жан-жақтан көп қысым көрсетілген еді және біз оның адвокатының үкімнен 10 күн өткен соң қайтыс болғанын хабарлағымыз келмеді. Біз зорлаушыларды ақтағысы келген сатқын хейтерлер ауыр сырқатына қарамастан (4 дәрежелі онкология) Ақтөбеден Қостанайға сот отырыстарына барып, жәбірленушімен бірге істің соңына дейін болған қорғаушының атын қаралайды деп қорқатынбыз… Бұл зорлау, қысым көрсету туралы, бірнеше сот процестері туралы, жәбірленуші үшін ауыр зардаптар туралы және аты жаман ауруға шалдықса да, өз клиентін қалдырмаған адвокаттың адалдығы туралы оқиға болды. Адвокат ешқашан ауруы жайлы немесе өзін нашар сезінетіні жайында айтқан емес, оның ауыр жағдайы туралы ешкім білмеді. Өкінішке орай, біз оның қайтыс болғаны туралы хабарды бір айдан кейін ғана естідік. Бүгін біз Айгүл Ізімбергенқызына азаматтық ерлігі, кәсібіне деген адалдығы, өз қорғаушысына адалдығы үшін алғыс айтамыз!»- деп жазылған «Не молчи.kz» қорының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, 2019 жылдың 25 желтоқсанында кезекті сот отырысы өтіп, онда сотталған жолсеріктерге қатысты үкім өзгертілді. Екі адам да бес жылға бас бостандығынан айырылды.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: