Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Адвокаттар назарына!

Каспий университетінің «Әділет» Жоғары заң мектебі сіздерді «Еуропалық келісім-шарт құқығының ережелерін орындау тұрғысынан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция 2019 жылдың 30 қыркүйегінде өтеді. Конференцияның ұйымдастыру комитеті, конференцияға қатысуға ниет білдірушілерден баяндама тақырыбы мен өзі туралы ақпаратты конференцияның бағдарламасына енгізу үшін 2019 жылдың 16 қыркүйегіне дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберуді сұрайды. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне электронды түрде баяндама беру қажет. Баяндамалар 2019 жылдың 16 қыркүйегіне дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Конференцияның жұмысы  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді. Қатысу формасы – күндізгі және сырттай.

Конференцияға қатысу тегін. Іссапар шығындары: жол жүру, қонақ үйде тұру және тамақтану ақысы жіберуші тараппен өтеледі. Конференция материалдары жарияланады. 

Өтетін мекен-жай — Каспий университеті (Алматы, Сейфуллин даңғылы, 521, 3 қабат, «Seifullin Hall»).

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО

INFORMATION LETTER

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: