ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДВОКАТТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Түркия адвокаттары алқаларының одағы — Түркі тілдес және ағайынды елдер адвокаттары бірлестіктерінің (ТТАЕАБ) одағын құруға ұсыныс жасады. Осы мақсатқа жету үшін, Анкара қаласына Қазақстан, Грузия, Албания, Әзірбайжан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің адвокаттар бірлестіктерінің өкілдері шақырылды.

20160408_102106

Кездесуде Қазақстан адвокаттарының атынан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Искандер Алимбаев өкілеттік етті.

20160408_103358

Қатысушы елдерінің адвокаттық ұйымдарының арасында кәсіптік қарым-қытынасты жетілдіру, адвокаттық мамандықты дамыту, адвокаттар жұмысының тиімділігін арттыру, заң үстемдігі қағидасын нығайту, ТТАЕАБ-тің мүше елдері арасында заңнама мәселелері бойынша адвокаттық қызметтің жалпы қабылданған қағидаттары негіздерінде қолдау көрсету, ТТАЕАБ-ті құрудың негізгі мақсаттары болып табылады.

20160408_102606

ТТАЕАБ қызметі шеңберінде құқық саласында бірыңғай шешімдерді әзірлеу мақсатында халықаралық симпозиумдар, конференциялар, семинарлар өткізуге, қатысушы елдердің адвокаттық ұйымдарының сайттарында негізделген жұмыс платформасын құру ұсынылып отыр.

20160408_101429

Болып өткен құрылтай жиналысында ТТАЕАБ-тің бас офисын Анкарада құрып, қажеттілігі бойынша ТТАЕАБ-та мүшелік ететін елдерде филиалдар ашу ұсынылды.

20160407_104029-1

Адвокаттық қызмет шеңберінде халықаралық тәжірибемен алмасу мақсатына жету үшін, бірлестік болашақта тағлымдамадан өтушiлермен, адвокаттармен, академиялық ғалымдармен алмасу бағдарламаларын әзірлеуді, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және білім беру шараларын жүргізуді жоспарлап отыр.

20160408_102817

Құрылтай жиналысына қатысқан жеті елдің адвокаттық қауымдастықтарының өкілдерімен кездесуі соңында, бірлестіктің қызметін реттейтін, ТТАЕАБ жарғысы қабылданды.

 

Республикалық адвокаттар алқасының баспасөз-қызметі

Добавить комментарий: