Қазақстанның адвокаттар одағының бірінші президенті өмірден өтті

Әлиасқар Әжекұлы Жұмабаев 1945 жылдың 18 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

1962 жылы мектепті тәмәмдап, 1963-1967 жылдары Кеңес Одағының әскер қатарында қызмет атқарған. 1974 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, өзінің еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарынан бастаған. 1990 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі, әрі төралқа төрағасы қызметін атқарған.

Әлиасқар Әжекұлы 1991 жылы республикалық адвокаттар қауымдастығын – Қазақстанның адвокаттар одағын құруға ат салысып, Одақтың бірінші президенті ретінде қазақстандық адвокатураның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оның еңбегі мемлекет тарапынан бірнеше мәрте ескеріліп марапатталды.

Әлиасқар Әжекұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Добавить комментарий: