«Е-ЗАҢ КӨМЕГІ» — ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ

«Е-Заң көмегі» біріңғай ақпараттық жүйесінің кезекті презентациясы Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында өтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Е-Заң көмегі» біріңғай ақпараттық жүйесін құру және дамыту шеңберінде жол картасын орындау мақсатында «Ұлттық Акпараттық Технологиялар» Акционерлік қоғамы мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері бірлесе отырып, аумақтық алқа адвокаттарына ақпараттық жүйе жұмыстарын таныстыруға, жүйеге тіркелу және қосылу сұрақтары бойынша түсінду жұмыстарымен іссапарға шыққан.

Адвокаттармен кездесулерде құқық қорғау органдарын бұдан әрі цифрландыру, «электронды істерді» енгізу және қағазсыз құжат айналымына көшу барысындағы аталған ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері талқыланды. Талқылау барысында адвокаттар жүйенің жұмысы туралы пікірлерін, тілектері мен ұсыныстарын білдірді, бұл өз кезегінде өте маңызды, өйткені кез келген жүйені жетілдіру әрдайым жұмыс процесінде ғана орын алады. Әзірлеушілердің айтуынша, заңгерлердің барлық ұсыныстары ескеріліп, техникалық тұрғыда өңделуде.

«E-Заң көмегі» жүйесін мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау шеңберінде адвокаттар адвокаттық сауалдарға жедел түрде жауап алу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл көзделгенін атап өту қажет.

 Жүйе арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін онлайн режимінде автоматтандыруға байланысты шаралар жүзеге асырылатын болады, бұл өз кезегінде қылмыстық процесті жүргізетін органдардың адвокаттарды тағайындау тәртібін оңтайландырады, сондай-ақ адвокаттардың өз еңбегіне ақы алуы тәртібін жеңілдетеді.

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: