ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҮНДЕУІ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Әділет министрлігі, кәсіби қызметінің шектелуі себебінен төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтуына байланысты адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң консультанттарына қатысты салықтық жүктемені төмендету туралы үндеуге бастамашылық жасады.

Әділет министрлігінің үндеуі қолдау тапты.

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар нотариустар және жеке сот орындаушылар), сондай-ақ заң консультанттар үшін төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі жеке табыс пен әлеуметтік салықтардың, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары ставкаларына «0» коэффициенті белгіленді.

Сонымен қатар нөлдік коэффициент адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушыларының 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі мүлік салығы ставкасына да белгіленді.

(https://www.instagram.com/p/B_OqJtdpgp0/?igshid=muoac6ghrfg3)

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: