ДЕПУТАТТАР АДВОКАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова мен Қанат Мусин адвокаттар қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Бекжан Билялов және елордалық алқа адвокаттары қатысты.

Депутаттар жаңадан қабылданған заңдар туралы, сондай-ақ Мәжілістің өндірісіне енгізілген заңдар туралы хабарлады. Кездесу барысында заң көмегін көрсету және адвокатура институтын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында заңгерлік көмек көрсетуге адвокаттар мен заң консультанттарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланатын кезекті парламенттік тыңдаулар өткізілетінін, осыған орай депутаттар назар аударуға қажет ететін маңызды тақырыптарды анықтап беруді, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолдану барысына түзетуді қажет ететін нормалары бойынша өз ұстанымдарын депутаттарға жеткізуді сұрады.

Сонымен қатар, Светлана Бычкова осы кездесудің маңызды себебінің бірі мәжіліс депутаттары адвокаттық қызмет мәселелеріне қатысты заң жобасына бастама жасап отырғанын атап өтті.

Сұхбат барысында бас бостандығынан айыру орындарында ұсталып отырған адамдарға, қорғалуға құқығы бар куәлерге ақысыз заң көмегін көрсету, адвокаттар алқасының органдарына адвокаттарды сайлау мерзімі,  адвокаттар көресететін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі және басқа да мәселелер қозғалды.

Депутаттар адвокаттардан заң жобаларын талқылау бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс топтарының жұмысына белсене қатысуды және әлеуметтік желілерде заң жобасын талқылауда неғұрлым кәсіби әдеп сақтауды сұрады және депутаттар бастама жасап отырған заңжобасы шеңберінде адвокаттар қауымдастығынан келіп түсетін барлық ескертулер мен ұсыныстар жұмыс тобы отырыстарында мұқият қаралып ескерілетінін атап өтті.

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: