БИКЕБАЕВ АЙДЫН ЖОЛШЫҰЛЫ. РАА ТӨРАҒАЛЫҒЫНА ҮМІТКЕР КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУ АЛДЫ НАУҚАН БАҒДАРЛАМАСЫ.

Бикебаев Айдын Жолшыұлы

Туған күні: 04.02.1973

Отбасылық жағдайы: Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Туған жері: Алматы облысының Кеген ауданының Жалаңаш ауылы

Соңғы лауазымы / жұмыс орны:

  1. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты (2002 жылдан бастап);
  2.  «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі  (2002 жылдан бастап).

Қоғамдық қызметі:

  1. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы (2019 жылғы қыркүйектен бастап);
  2. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2020 жылғы  желтоқсаннан бастап).

Тілдерді меңгеруі:

  1. Қазақ тілі (еркін)
  2. Орыс тілі (еркін)
  3. Ағылшын тілі (еркін).

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Заң факультетінің үздік дипломы (1996 жыл).

Еңбек жолы:

Еңбек жолын  1996 жылы екінші деңгейдегі банктер мен ірі қазақстандық заң фирмасында заңгер болып бастаған.

1999-2002 жылдар — «Саят, Жолшы, Дархан и Бадо» заң фирмасының құрылтайшысы және директоры.

2002-2007 жылдар — Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты және «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі.

2007-2008 жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеген: Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі ретінде.

2009-2016 жылдары — Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі және «Саят Жолшы және Әріптестер»  адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі. Сондай-ақ, «Әділет» Жоғары құқық мектебінде сеньор-дәріскер ретінде жұмыс істеді, онда «ҚР монополияға қарсы (бәсекелестік) құқығы» курсын жүргізді.

2016-2017 жылдары – «Сбербанк России» АҚ ЕБ басқарушы директоры және басқарма төрағасының орынбасары.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі/басқарушы серіктесі.

Адвокатура саласындағы кәсіби жетістіктері:

  1. «Алматы адвокаттары» журналы басылымның бастамашысы, алғашқы демеушісі және бас редакторы (2003 жыл).
  2. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы ретінде сайланған алғашқы адвокат. Айдынның бастамасы бойынша осы комиссияның құрамына 2021 жылы белгілі адвокаттар Гүлнар Жаханқызы Сүлейменова мен Сергей Васильевич Сизинцев  қосылды. Комиссия жұмысының арқасында адвокаттар судья лауазымына үміткерлерде жеткілікті кәсіби білімнің болуы туралы шешім қабылдауға қатысады. Бұл ретте, егер 2019 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған 10 үміткердің 5-і (50%) сот жүйесінің қызметкерлері болса және тек 1 адвокат болса, 2020 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған 13 үміткердің тек 1-і (7.7%) сот жүйесінің қызметкері болған және 4-і (30%) адвокаттар болды. Осылайша, біліктілік комиссиясы сот жүйесін негізінен тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар есебінен толықтыру бойынша белгіленген трендті күшейтеді деп үміттенемін.
  3. Айдын құрған «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесін көптеген жылдар бойы Legal 500, Chambers, Asia Law, IFLR халықаралық рейтингтік агенттіктер сенімді және кәсіби серіктес ретінде ұсынылып келеді. Бұл ретте «Саят Жолшы және Әріптестер» — халықаралық және ірі қазақстандық заң фирмаларынан тұратын тізімдегі жалғыз адвокаттық кеңсе.
  4. 2010-2020 жылдар бойына Who’s who legal халықаралық баспасымен Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқық саласындағы жетекші сарапшы ретінде ұсынылды. Осы анықтамалықтағы ұсынылған заңгерлердің тізімі тек тиісті құқық саласында мамандандырылған басқа заңгерлердің, оның ішінде шетелдік заңгерлердің пікірлерін сұрау нәтижесінде қалыптастырылады.
  5. Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының құрамында әр жылдары жұмыс істеген.
  6. Ол көптеген заң жобаларын, соның ішінде салық кодексін, бәсекелестікті қорғау бойынша заңнаманы, адвокаттық қызмет туралы заңнаманы әзірлеу бойынша жұмыс топтарының құрамына кірді.

Жарияланымдары:

  1. Бәсекелестік (монополияға қарсы) құқыққа арналған Қазақстандағы алғашқы ғылыми монографияның – «Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқығы және саясаты» (2010 жыл) авторы.
  2. ҚР Азаматтық кодексіне (1-кітап) профессор, заң ғылымдарының докторы және ҚР ҰҒА академигі М.К. Сүлейменовтың редакциясымен баптар бойынша Түсініктеменің бірлескен авторы (2021 жыл).
  3. «Монополияға қарсы (бәсекелестік) саясат және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында қолдану тәжірибесі саласындағы қолданыстағы нормативтік базаны талдау» зерттеу-кітабының авторы (2011 жыл).
  4. «Wolters Kluwer Law and Business» халықаралық баспа үйі шығарған «Competition Law in Central European Countries» зерттеу-кітабының қазақстандық бөлігінің авторы (2014 жыл).
  5. Жыл сайын «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттары шығаратын «Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық негіздері» анықтамалық-кітаптың редакторы және тең авторы. Кітап 2005 жылдан бастап шығарылып келеді. 2021 жылы бұл кітаптың 16 шығарылымы жарық көреді.
  6. Өзекті құқықтық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.

Хобби:

  1. Төзімділік спорты. 2019 жылы әлемдегі ең ауыр IRONMAN жарыстарының бірінен өтті (12 сағат ішінде теңізде 3,8 шақырым қашықтықты жүзіп өтті, 180 шақырым велосипедпен жүріп, 42,2 шақырымды  жүгіріп өтті).
  2. Құқықтық ғылымды зерттеу және насихаттау. 2021 жылдың басынан бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бастамасымен авторлар ұжымы құрамында «ҚР бәсекелестік құқығы және саясаты» оқу құралын дайындауға қатысады.
  3. Көркем әдебиетті оқу және зерттеу.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымына үміткер Айдын Бикебаевтың бағдарламасы

Негізгі миссия:

Президиуммен бірлесе отырып Республикалық адвокаттар алқасын қуатты және ықпалды ұйымға айналдыру. Бұл ұйым биліктің барлық деңгейлерінде барлық адвокаттардың мүдделерін алға тартып, олардың құқықтарын қорғайтын болады. Адвокат мамандығы құрметті, жоғары ақы төленетін, қорғалған, тәуелсіз, процессуалдық және институционалдық мәртебеге ие болу керек.

РАА төрағасы лауазымына сайланған жағдайда мен миссияны қалай іске асырамын?

  1. РАА Президиумының пікірін есепке ала отырып, біздің кәсібіміздің жинақталып қалған мәселелерін шешуге дайын белсенді адвокаттардан тұратын команда қалыптастырамын. Басқару командасының негізі қазіргі уақытта қалыптасу сатысында. Бұл ретте біз өз кәсібіміздің патриоты болып табылатын және өз уақытының бір бөлігін ортақ мәселелерді шешуге дайын 100 жуық адвокаттан тұратын тізім қалыптастырамыз. Біз олармен тиімді жұмыс орнатамыз, олардың әрқайсысы өз үлесін қоса алады және әрқайсысы әділ баға мен марапатқа ие болады. Біз сөзден іске көшуіміз керек. Нақты мақсаттар, жоғары мотивацияланған мамандар тобы – сәттіліктің кілті осы.
  2. РАА Президиумымен тиімді жұмысқа қол жеткіземін. Біздің бәріміз бір қайықтамыз, және алға қарай жылжу үшін барлығымыз ымыраға келуіміз қажет. РАА Президиумы миссияны орындау жөніндегі жұмысқа белсенді тартылуы тиіс.
  3. ҚР Жоғары Сот Кеңесімен өзара іс-қимылды ұйымдастырамын. Қоғамдастықтың белсенді өкілдерін осы маңызды мемлекеттік орган жанындағы барлық комиссиялардың құрамына қосу керек. Адвокатураның шоғырландырылған пікірі сот жүйесіндегі кадр мәселелерін шешу кезінде естілуі және назарға алынуы тиіс. Президиуммен бірге осындай қоғамдық құрылымдарда жұмыс істейтін әрбір адвокат шешім қабылдау кезінде адвокатураның мүдделерін басшылыққа алуына қол жеткіземіз.
  4. Адвокаттардың өзекті мәселелерін шешу үшін ҚР Жоғарғы Сотымен өзара іс-қимылды ұйымдастырамын. Біз соттардың адвокаттарға қатысты негізсіз жеке қаулылар шығаруы жөніндегі тәжірибені тоқтатуға тиіспіз. Әрбір осындай жағдай ТЖ ретінде қаралуы тиіс, және біз осындай судьяларды әділ жауапкершілікке тартуға қол жеткізуге тиіспіз.
  5. Адвокаттардың заңнамалық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасын бірлесіп әзірлеу үшін ҚР Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетімен өзара іс-қимылды ұйымдастырамын.
  6. Құқық қорғау органдарымен өзара мәселелерді шешу және ақылға қонымды ымыраларды іздеу жөніндегі жол картасын пысықтаймын. Жинақталған мәселелерді жақтастардың көмегімен шешу үшін басқа мемлекеттік органдар мен депутаттар тұлғасында жақтастарды тартамын. Барлық құқық қорғау органдарының қоғамдық кеңестеріне адвокатура өкілдері енгізілуі тиіс.
  7. Ақылға қонымды және әділ диалог құру үшін Әділет министрлігімен өзара іс-қимылды ұйымдастырамын. Біз ортақ мәселелерді сындарлы түрде шешу үшін қарым-қатынасымызды қалпына келтіреміз
  8. РАА президиумымен және барлық ниет білдірген адвокаттармен бірлесе отырып, Қазақстандық адвокатураны дамыту бағдарламасын әзірлейміз. Бұл құжат біздің кәсібіміздің барлық негізгі мәселелерін шешу үшін керек мақсаттарды, сонымен қатар оларға қол жеткізетін тетіктерді мазмұндайтын болады. Бірқатар мақсаттардың шамамен тізімі мынау:
    1) Адвокаттардың процессуалдық статусын көтеру жөніндегі мақсат. Бұл мақсат ҚІЖК мен АІЖК-не енгізілуі тиіс өзгерістер мен толықтыруларды, сонымен қатар өзге де нормативтік актілерді қамтитын болады. Біз адвокат пен прокурордың процессуалдық құқықтарының теңдігіне, сонымен қатар сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тиімді қорғау үшін адвокаттарға нақты құқықтар берілуіне қол жеткізуіміз қажет.
    2) МКЗК бойынша адвокаттардың жұмысын қаржыландыру және оның тетіктерін жетілдіру жөніндегі мақсат. Осы мақсат аясында РАА президиумымен бірге келесіге бағытталған барлық шараларды қолданамыз:
    • МКЗК бойынша төлемді ұлғайтуға;
    • МКЗК бойынша төлемді минуттармен емес, сағаттармен есептеуге. Барлық санаттағы істер бірдей төленуі тиіс. Нұсқалардың бірі МКЗК бойынша төлемді сағаттар бойынша емес, табысты жұмысы үшін адвокатқа қосымша ақы төленетін күндер санына байланысты жеке іс бойынша жүргізу болып табылады.
    • адвокаттың жұмысқа жұмсаған сағаттарының санын және, тиісінше, адвокатқа төленетін сомалардың мөлшерін анықтау кезінде адвокаттың тергеуші мен судьяға тәуелділігін алып тастауға.
    3) Ауыл адвокаттары мен тағылымгерлерді қолдау жөніндегі мақсат. Біз адвокат мамандығының «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына енгізілуіне қол жеткізуіміз қажет. Мен өзім ауылда өстім, және білімді жастар қалада қалуға тырысатынын да білемін, сонымен бірге ауылдық жерлерде ел халқының 40%-ға жуығы тұрады. Халыққа білікті көмек көрсету жөніндегі конституциялық миссияны іске асыру жүктелген адвокаттар мемлекеттен осындай қолдау алуы тиіс. РАА және ААА сонымен қатар ауылдық жерлерде адвокат болып жұмыс істейтін кандидаттар үшін тегін тағылымдамадан өту, сондай-ақ – осындай адвокаттар үшін тегін біліктілікті арттыру туралы мәселелерді шешуі қажет. Ауылдағы әрбір адвокат РАА жанындағы Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тарапынан қорғаумен қамтамасыз етілуіне қол жеткіземіз.
    4) Жаңа кадрлардың мамандыққа кіруі үшін кедергілерді алып тастау жөніндегі мақсат. Бізде жас кадрлардың келуін тежейтін жоғары кедергілер бар. РАА және ААА президиумымен бірлесе отырып, келесі кедергілерді жою немесе жеңілдету бойынша жұмыс жасайтын боламыз:
    • лицензиялау;
    • 12 айға дейін міндетті тағылымдамадан өту;
    • тағылымдамадан өту кезінде, адвокаттың көмекшісінен басқа жұмысқа тыйым салу.
    Сонымен бірге, біз адвокат болғысы келетін адамдар үшін аттестаттауды жетілдіруіміз керек. Бізге тек жақсы білімі бар білікті кадрлар түсуі керек. Біздің мамандығымыздың болашағы осыған байланысты.
    5) Адвокатураның тәуелсіздігін нығайту және адвокаттық өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі мақсат.
    • Адвокаттар қауымдастығының шынайы тәуелсіздігі РАА қуатты және ықпалды ұйымға айналған кезде және мемлекеттік органдардың қысымына қарсы тұра алатындай және адвокатураға қатысты қабылданатын мемлекеттің, құқық қорғау органдарының және соттардың барлық шешімдеріне қарсы тұра алатындай ресурстары болған кезде пайда болады.
    • Адвокаттар қауымдастығының шынайы тәуелсіздігі оның қандай да бір бөлігі емес барлық адвокаттар шешім қабылдаған кезде пайда болады. Осы мақсатқа қол жеткізу «бір адвокат – бір дауыс» қағидаты бойынша кәсіптің барлық маңызды мәселелері бойынша барлық адвокаттардың тікелей дауыс беруін енгізу жөніндегі РАА және ААА президиумымен бірлескен шаралар қабылдаудан көрінеді. Бұл үшін біз барлық маңызды мәселелер бойынша, соның ішінде адвокаттарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу туралы ережені жою, адвокаттық монополияны енгізу бойынша жалпыға бірдей адвокаттық референдумдар ұйымдастыратын боламыз.
    6) Адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мақсат. Адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін күресу керек. Мұнда мәлімдеу аз. Әрекет ету қажет. Сонымен қатар, шешілуі адвокаттардың нақты тәуелсіздігін қамтамасыз ететін мәселенің көптеген аспектілерін пысықтау қажет.
    • Адвокаттық қызметті лицензиялау жойылған кезде ғана адвокатта тәуелсіздік болады. Біз осы мақсатқа дәйектілікпен қол жеткізетін боламыз. Бұл ретте, президиуммен бірлесіп, аралық түрде лицензиядан айырылғанға дейін Әділет министрлігі осындай санкцияны қолданудың орындылығына қатысты РАА-ның жазбаша қорытындысын алуы үшін жұмыс істейтін боламыз.
    • Адвокаттың тәуелсіздігі біз оның адвокатураның өз органдарына тәуелділігін жойған кезде ғана болады. Адвокаттар мемлекеттен де, сол сияқты адвокатураның органдарынан да тәуелсіз болуы иіс. Осы мақсаттың аясында РАА және ААА президиумымен бірлесіп заң консультацияларының меңгерушілері онда жұмыс істейтін адвокаттардың жоғарыдан тағайындалмай, құпия дауыс беру арқылы сайлануын қамтамасыз етеміз. Адвокатурада ешқандай жоғарыдан тағайындалатын басшылық болмауы тиіс.
    • Адвокаттық қызметке кедергі келтірудің және адвокаттық қызмет кепілдіктерін бұзудың әрбір фактісі үшін РАА мен ААА кінәлілерді жазалауды дәйекті түрде іздеген кезде ғана адвокатта тәуелсіздік болады. Сондықтан президиуммен бірге осындай бұзушылық үшін санкцияларды қатайту және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жобасын әзірлейміз. Адвокаттардың құқықтарын бұзуға батылы бар әрбір адамның бұл үшін жазаланатынын алдын ала білуі үшін барлық қолдан келген шараларды қолданамыз.
    • Құқықтары бұзылған әрбір адвокат адвокатура органдарынан тиімді қорғаныс алған кезде ғана адвокатта тәуелсіздік болады. Біз бұл жұмысқа біздің жарналарымыздан «нөл» теңге бөлінген бұрынғы жылдар тәжірибесін тоқтатамыз. Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия РАА тиімді органына айналады.
    7) Адвокаттардың салықтары мен жарналарын төмендету, сонымен қатар олардың қызметінің салықтық және әлеуметтік аспекілерін жетілдіру жөніндегі мақсат. Бүгінгі таңда адвокаттардың көпшілігі аз табыс табады және, іс жүзінде айналымнан (түскен табыстан) салық төлейді, өйткені табыстарына қарамастан 10 % мөлшерінде ЖТС төлейді және ЖТС есептеу кезінде шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Бұл әділетсіз. Осы мақсаттың аясында президиуммен бірге келесі түзетулерді әзірлейміз:
    • Адвокаттарда, жеке кәсіпкерлер сияқты, қазіргі 10% орнына 3% мөлшерінде ЖТС төлей отырып, салық салудың оңайлатылған жүйесі бойынша жұмыс істеу құқығы болуы тиіс.
    • Жалпыға бірдей белгіленген режім бойынша жұмыс істейтін адвокаттарда, жеке кәсіпкерлермен ұқсастық бойынша, салық салынатын кірістен офисті жалға алумен, коммуналдық қызметтермен, көлік, көмекшілердің еңбекақысы, маркетинг, мүшелік жарналар және адвокаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты басқа да шығындармен байланысты төлемерді салық салынатын табыстан шегеруге құқығы болуы тиіс.
    8) Соттардың адвокаттар қаламақыларының мөлшерін төмендетуіне байланысты мәселелерін шешу жөніндегі мақсат. Біздің елде 5000 астам адвокат бар. Клиент өзіне адвокатты өзі таңдайды және онымен ерікті түрде шарт жасасады. Соттар жасалған шарттың талаптарын қарайта қарауы тиіс емес. Pacta sunt servanda (шарттар орындалуы тиіс). Бұл азаматтық құқықтың негізгі қағидаларының бірі. Біз бұл қағиданың сот тәжірибесінде есепке алынуына қол жеткіземіз.
    9) Адвокаттық кеңселерді құқықтық реттеумен байланысты мәселелерді шешу және адвокаттық қызметтің жаңа формаларын енгізу жөніндегі мақсат. Адвокаттарда өздерінің қызметі үшін әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарды таңдауы болуы керек. Мен 19 жыл бұрын құрылған адвокаттық контораның негізін қалаушы және басқарушы серіктесі бола отырып, осы нысанды реттеудегі барлық мәселелерді білемін. Біздің елде американдық сериалдарда көрсетілетін көптеген күшті және ықпалды адвокаттық конторалар болуы үшін не істеу керектігін білемін.
    10) РАА жанында мықты тағылымдама және біліктілікті арттыру орталығын құру жөніндегі мақсат. Бұл орталық адвокатура кадрларын даярлау мен арттырудың базалық институтына айналуы тиіс. Бұл ретте біз өңірлерде де осындай орталықтарды дамытуға тиіспіз. Бізде осындай институттар неғұрлым көп болса, біздің мамандығымыз да соғұрлым күшті болады.
  9. Адвокатураны дамыту бағдарламасының негізгі ережелерін Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік тұжырымдамасына енгізу бойынша жұмыс жүргіземіз. Біздің бейінді Заңның 21-бабына сәйкес заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Бұл құжат әлі әзірленбеген және қабылданбаған. Елеулі перспективаға арналған мемлекеттік саясаттың болмауы адвокатураны дамыту векторында белгісіздік туғызады және заңнамаға даулы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. РАА президиумымен, ғылыми-консультативтік кеңеспен және адвокаттардың бастамашыл тобымен бірлесіп, біздің мүдделерімізді ескеретін, сондай-ақ таяудағы онжылдықта адвокатураның тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз ететін Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейміз.

Құрметті әріптестер, бұл бағдарламаға қосатын ой-пікірлеріңіз болса, менің мына электрондық поштама жіберіңіз: abikebayev@szp.kz. Жақсы ұсыныстарды қосуға дайынмын.


Бикебаев Айдын Жолшиевич

Дата рождения: 04.02.1973

Семейное положение: Женат, воспитывает четверых детей.

Место рождения: с. Жаланаш Кегенского района Алматинской области.

Последняя должность/место работы:

  1. Адвокат Алматинской городской коллегии адвокатов (с 2002 года);
  2. Управляющий партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры» (с 2002 года).

Общественная деятельность:

  1. Председатель Квалификационной комиссии Высшего судебного совета РК (с сентября 2019 года);
  2. Член Общественного совета Агентства РК по защите и развитию конкуренции (с декабря 2020 года).

Владение языками:

  1. Казахский (свободно)
  2. Русский (свободно)
  3. Английский (свободно).

Образование:

Диплом с отличием юридического факультета Казахского государственного университета имени Аль-Фараби (1996 год).

Трудовой путь:

Начинал работу юристом в 1996 году в банках второго уровня и крупной казахстанской юридической фирме.

В 1999-2002 годы — учредитель и директор юридической фирмы «Саят, Жолши, Дархан и Бадо».

В 2002-2007 годы — адвокат Алматинской городской коллегии адвокатов и управляющий партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры».

В 2007-2008 годы работал на государственной службе: заместителем председателя Комитета по защите конкуренции Министерства индустрии и торговли, советником Премьер-министра РК.

В 2009-2016 годы — член Алматинской городской коллегии адвокатов и старший партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры». Работал также сеньор-лектором Высшей школы права «Әділет», где вел курс «Антимонопольное (конкурентное) право РК».

В 2016-2017 годы — управляющий директор и заместитель председателя правления ДБ АО «Сбербанк России».

С 2017 года по настоящее время — старший партнер/управляющий партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры».

Профессиональные достижения в сфере адвокатуры:

  1. Инициатор издания, первоначальный спонсор и главный редактор журнала «Адвокаты Алматы» (2003 год).
  2. Первый адвокат, избранный председателем Квалификационной комиссии Высшего судебного совета РК. По инициативе Айдына в состав данной комиссии в 2021 году включены известные адвокаты Гульнара Жахановна Сулейменова и Сергей Васильевич Сизинцев. Благодаря работе комиссии адвокаты участвуют в принятии решения о наличии достаточных профессиональных знаний у кандидатов в судьи. При этом, если в 2019 году из 10 кандидатов, успешно сдавших квалификационный экзамен, 5 (50%) были работниками судебной системы и только 1 адвокат, то в 2020 году из 13 успешно сдавших квалификационный экзамен только 1 (7.7%) был работником судебной системы и 4 (30%) были адвокатами. Таким образом, надеюсь, что квалификационная комиссия усилит наметившийся тренд по пополнению судебной системы преимущественно за счет практикующих юристов и адвокатов.
  3. Адвокатская контора «Саят Жолши и партнеры», созданная Айдыном, на протяжении многих лет рекомендуется международными рейтинговыми агентствами Legal 500, Chambers, Asia Law, IFLR в качестве надежного и профессионального партнера. При этом «Саят Жолши и партнеры» — единственная адвокатская контора в списке, состоящем из международных и крупных казахстанских юридических фирм.
  4. На протяжении 2010-2020 годов рекомендовался международным издательством Who’s who legal в качестве ведущего эксперта в области конкурентного (антимонопольного) права Республики Казахстан. Список рекомендованных юристов в данном справочнике формируется исключительно в результате опроса мнений других юристов, в том числе, иностранных, которые специализируются в соответствующей отрасли права.
  5. Работал в составе президиума Алматинской городской коллегии адвокатов разных лет.
  6. Входил в рабочие группы по разработке множества законопроектов, в том числе, налогового кодекса, законодательства по защите конкуренции, законодательства об адвокатской деятельности.

Публикации:

  1. Автор первой в Казахстане научной монографии, посвященной конкурентному (антимонопольному) праву — «Конкурентное (антимонопольное) право и политика Республики Казахстан» (2010 год).
  2. Соавтор постатейного Комментария к Гражданскому кодексу РК (Книга 1) под редакцией профессора, доктора юридических наук и академика НАН РК М.К. Сулейменова (2021 год).
  3. Автор книги-исследования «Анализ действующей нормативной базы в сфере антимонопольной (конкурентной) политики и практики применения с целью выработки предложений по ее совершенствованию» (2011 год).
  4. Автор казахстанской части книги-исследования «Competition Law in Central European Countries», изданной международным издательским домом «Wolters Kluwer Law and Business» (2014 год).
  5. Редактор и соавтор ежегодно издаваемой адвокатами «Саят Жолши и Партнеры» книги-справочника «Правовые основы ведения бизнеса в Казахстане». Книга издается с 2005 года. В 2021 году будет 16 выпуск данной книги.
  6. Автор более 70-ти научных и публицистических статей по актуальным правовым проблемам.

Хобби:

  1. Спорт на выносливость. В 2019 году прошел одну из самых тяжелых гонок в мире IRONMAN (в течении 12 часов проплыл в море дистанцию в 3,8 километров, проехал 180 километров на велосипеде и пробежал 42,2 километра).
  2. Исследование и популяризация правовой науки. С начала 2021 года по инициативе Агентства РК по защите и развитию конкуренции в составе коллектива авторов участвует в подготовке учебного пособия «Конкурентное право и политика РК».
  3. Чтение и исследование художественной литературы.

Программа кандидата на должность председателя Республиканской коллегии адвокатов Айдына Бикебаева

Главная миссия:

Совместно с Президиумом превратить Республиканскую коллегию адвокатов в мощную и влиятельную организацию. Она будет продвигать интересы и защищать права всех адвокатов на всех уровнях власти с тем, чтобы профессия адвоката стала уважаемой, высокооплачиваемой, защищенной, независимой и наделенной реальным процессуальным и институциональным статусом. Мы должны от слов переходить к делу. Должны выработать конкретные цели, сформировать высокомотивированную команду профессионалов и обеспечить их эффективную работу.

Как я буду реализовывать миссию в случае избрания на должность председателя РКА?

  1. Сформирую, с учетом мнения Президиума РКА, команду из активных адвокатов, готовых решать накопившиеся проблемы нашей профессии. Помимо управленческой команды мы объединим порядка 100 адвокатов, которые являются патриотами нашей профессии и готовы часть своего времени тратить на решение общих проблем. Мы настроим с ними эффективную работу, привлечем их к работе в РКА, а также в общественных советах, комиссиях, рабочих группах при государственных органах. Каждый из них сможет внести свой вклад и каждый получит справедливую оценку и награду.
  2. Добьюсь эффективной работы с Президиумом РКА. Мы все в одной лодке, и должны находить компромиссы, чтобы двигаться вперед. Президиум РКА должен быть активно вовлечен в работу по исполнению миссии.
  3. Организую взаимодействие с Высшим судебным советом РК с тем, чтобы активные представители сообщества работали в составах комиссий при этом важном госоргане. Консолидированное мнение адвокатуры должно быть услышано и приниматься во внимание при решении кадровых вопросов в судебной системе. Вместе с Президиумом добьемся того, чтобы каждый адвокат, работающий в таких общественных структурах, при принятии решений руководствовался интересами адвокатуры.
  4. Организую взаимодействие с Верховным судом РК, чтобы решать насущные проблемы адвокатов. Мы должны решить многие вопросы, в том числе, прекратить практику по вынесению судами необоснованных частных постановлений в адрес адвокатов. Каждый такой случай должен рассматриваться как ЧП, и мы должны добиваться привлечения виновных к справедливой ответственности.
  5. Организую взаимодействие с Комитетом по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса РК с тем, чтобы совместно отработать дорожную карту по решению законодательных проблем адвокатов.
  6. Отработаю с правоохранительными органами дорожную карту по решению взаимных проблем и поиску разумных компромиссов. Привлеку сторонников в лице других госорганов и депутатов, чтобы с их помощью решать накопившиеся проблемы. В общественные советы всех правоохранительных органов должны быть включены представители адвокатуры.
  7. Организую взаимодействие с Министерством юстиции с тем, чтобы выстроить разумный и справедливый диалог. Мы перезагрузим наши отношения, чтобы конструктивно решать общие проблемы.
  8. Разработаем совместно с президиумом РКА и всеми желающими адвокатами Программу развития казахстанской адвокатуры. Этот документ будет содержать цели, которых мы должны добиться для решения всех основных проблем нашей профессии, а также механизмы с помощью которых мы их добьемся. Вот приблизительный перечень некоторых целей:
    1) Цель по повышению процессуального статуса адвокатов. Эта цель будет охватывать изменения и дополнения, которые должны быть внесены в УПК и ГПК, а также иные нормативные акты. Мы должны добиться абсолютного равенства процессуальных прав адвоката и прокурора, а также наделения адвокатов реальными правами для эффективной защиты в ходе проведения досудебного производства.
    2) Цель по увеличению финансирования и совершенствованию механизмов работы адвокатов по ГГЮП. В рамках данной цели вместе с президиумом РКА предпримем все меры, направленные:
    • на увеличение оплаты и возмещение расходов по ГГЮП;
    • на определение оплаты по ГГЮП в часах, а не минутах. Все категории дел должны оплачиваться одинаково. Одним из вариантов является введение оплаты по ГГЮП не по часам, а по отдельному делу в зависимости от количества дней с выплатой дополнительного гонорара адвокату за успешную работу.
    • на снятие зависимости адвоката от следователя и судьи при определении количества часов, потраченных адвокатом на работу и, соответственно, размера оплачиваемых адвокату сумм.
    3) Цель по поддержке сельских адвокатов и стажёров. Мы должны добиться включения профессии адвоката в государственную программу «С дипломом в село». Я сам вырос в селе, и знаю, что образованная молодежь стремится остаться в городах, но вместе с тем в сельской местности проживают около 40% населения страны. Адвокаты, на которых возложена реализация конституционной миссии по оказанию квалифицированной помощи населению, должны получать такую поддержку от государства. РКА и ТКА необходимо также решить вопрос о введении бесплатной стажировки для тех кандидатов, которые будут работать адвокатами в сельской местности, а также — бесплатного повышения квалификации для таких адвокатов. Добьемся, чтобы каждый сельский адвокат был обеспечен защитой со стороны Комиссии по защите прав адвокатов при РКА.
    4) Цель по снятию барьеров для входа в профессию новых кадров. У нас есть высокие барьеры, которые сдерживают приток молодых кадров. Совместно с президиумом РКА и ТКА будем работать над устранением или смягчением следующих барьеров:
    • лицензирование;
    • обязательная стажировка до 12 месяцев;
    • запрет на работу, кроме, как помощником адвоката, во время прохождения стажировки.
    Вместе с тем, мы должны усовершенствовать аттестацию для лиц, желающих стать адвокатами. К нам должны попадать только квалифицированные кадры с отличными знаниями. От этого зависит будущее нашей профессии.
    5) Цель по укреплению независимости адвокатуры и совершенствованию адвокатского самоуправления.
    • Подлинная независимость адвокатского сообщества наступит, когда РКА станет мощной и влиятельной организацией и будет иметь ресурсы, чтобы противостоять напору госорганов, а также влиять на все решения государства, принимаемые в отношении адвокатуры, правоохранительных органов и судов.
    • Подлинная независимость адвокатского сообщества наступит, когда все адвокаты, а не какая-то ее часть принимает решения. Достижение этой цели видится в принятии совместных с президиумом РКА и ТКА мер по внедрению прямого голосования всех адвокатов по всем важным вопросам профессии по принципу «один адвокат – один голос». Для этого мы будем организовывать всеобщие адвокатские референдумы по всем важным вопросам, в том числе по отмене положения о запрете адвокатам заниматься предпринимательской деятельностью и введению адвокатской монополии.
    6) Цель по обеспечению независимости адвокатов. За обеспечение независимости адвокатов надо бороться. Здесь мало заявлять. Надо делать. Причем надо отрабатывать многие аспекты проблемы, решение которых и обеспечит реальную независимость адвокатов.
    • Независимость у адвоката будет тогда, когда отменим лицензирование адвокатской деятельности. Мы будем последовательно идти к достижению этой цели. При этом промежуточно совместно с президиумом будем работать над тем, чтобы до лишения лицензии, Минюст получал письменное заключение РКА в отношении целесообразности применения такой санкции, а также, чтобы отзыв лицензии мог применяться только за грубые и умышленные нарушения законодательства.
    • Независимость у адвоката будет тогда, когда мы устраним его зависимость от органов самой адвокатуры. Адвокаты должны быть независимыми как от государства, так и от органов самой адвокатуры. В рамках данной цели совместно с президиумом РКА и ТКА обеспечим, чтобы заведующие юридических консультаций выбирались с учетом мнения адвокатов, работающих в них.
    • Независимость у адвоката будет тогда, когда за каждый факт воспрепятствования адвокатской деятельности и нарушения гарантий адвокатской деятельности, РКА и ТКА будут последовательно добиваться наказания виновных. Поэтому вместе с президиумом разработаем проект ужесточения санкций и обеспечения неотвратимости наказания за такое правонарушение. Сделаем все для того, чтобы каждый, кто осмеливается нарушить права адвокатов, заранее знал, что ему за это грозит наказание.
    • Независимость у адвоката будет тогда, когда каждый адвокат, чьи права ущемляются, будет получать эффективную защиту от органов адвокатуры. Мы прекратим практику прежних лет, когда на эту работу выделялось «ноль» тенге из наших взносов. Комиссия по защите прав адвокатов станет эффективным органом РКА.
    7) Цель по снижению налогов и взносов адвокатов, а также совершенствованию налоговых и социальных аспектов их деятельности. На сегодня многие адвокаты зарабатывают мало и, по сути, платят налог с оборота (выручки), поскольку независимо от доходов обязаны платить ИПН в размере 10 % и не имеют права на вычеты расходов при расчете ИПН. Это несправедливо. В рамках данной цели вместе с президиумом разработаем следующие поправки:
    • Адвокаты, как и индивидуальные предприниматели, должны обладать правом работать по упрощенной системе налогообложения с выплатой ИПН в размере 3% вместо нынешних 10%.
    • Адвокаты, работающие по общеустановленному режиму, по аналогии с индивидуальными предпринимателями должны иметь право на вычеты из налогооблагаемого дохода расходов на оплату аренды помещений, коммунальные услуги, транспорт, зарплату помощников, маркетинг, членских взносов и всех других расходов, связанных с осуществлением адвокатской деятельности.
    8) Цель по решению проблем, связанных со снижением судами размера гонораров адвокатов. Клиент выбирает адвоката из более чем 5283 адвокатов. Именно столько адвокатов было в стране на конец 2020 года. Договор с адвокатом он также заключает добровольно и без принуждения. Суды не должны пересматривать условия заключенного договора. Pacta sunt servanda (договоры должны исполняться). Это один из основных принципов гражданского права. Мы добьемся учета этого принципа в судебной практике.
    9) Цель по решению проблем с правовым регулированием адвокатских контор и введению новых форм адвокатской деятельности. У адвокатов должен быть выбор различных организационно-правовых форм для своей деятельности. Я, являясь основателем и управляющим партнером адвокатской конторы, созданной 19 лет назад, знаю все проблемы в регулировании этой формы. Я знаю, что нужно сделать, чтобы в нашей стране было много сильных и влиятельных адвокатских контор, похожих на те, которые показывают в американских сериалах.
    10) Цель по созданию Центра стажировки и повышения квалификации при РКА. Этот центр должен стать базовым институтом для подготовки и повышения кадров адвокатуры. При этом мы должны развивать такие центры и в регионах. Чем больше у нас подобных институтов, тем сильнее будет наша профессия.
  9. Проведем работу по включению основных положений Программы развития адвокатуры в Государственную политику в сфере оказания юридической помощи. В соответствии со статьей 21 нашего профильного Закона основные направления государственной политики в сфере оказания юридической помощи определяются Президентом Республики Казахстан. Данный документ еще не разработан и не принят. Отсутствие государственной политики на значительную перспективу создает неопределенность в векторе развития адвокатуры и делает возможным внесение спорных поправок в законодательство. Совместно с Президиумом РКА, Научно-консультативным советом и инициативной группой адвокатов разработаем предложения по проекту Концепции государственной политики в сфере оказания юридической помощи, который будет учитывать наши интересы, а также обеспечит стабильное и поступательное развитие адвокатуры на ближайшее десятилетие.

Уважаемые коллеги, данная программа будет дорабатываться с учетом ваших мнений. Пожалуйста, если у вас есть предложения и замечания по программе, высылайте на электронный адрес: abikebayev@szp.kz.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: