Баспасөз релизі

Адвокатура: еркін көзқарастар мен кәсіби әдеп

Республикалық адвокаттар алқасына Қазақстан Республикасының Судьялар Одағынан «судьялардың әрекеттеріне жағымсыз құқықтық бағалау» беретін және өздері қатыспаған істер бойынша соттың шешімдерін әлеуметтік желілерде және блогтарда пікір қалдырған кейбір адвокаттардың лайықсыз әрекеттері туралы хат келіп түсті.

Судьялар одағы мұны судьяларға қысым көрсету және оларға қатысты теріс қоғамдық көзқарастарды қалыптастырады деп бағалайды.  Хатта көрсетілгендей, «Конституцияның 77-бабына сәйкес, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады».

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен танылған басқа да халықаралық келісім шарттарда бекітілген адвокаттардың еркін пікір айту құқығына, жеткілікті негіз болмаса,  шектеу қойылмаюы тиіс.

Адовкаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi туралы заң ережелері Республикалық адвокаттар алқасы үшін маңызды  болып табылады. Сонымен бірге, қоғамдық өмірге, оның ішінде айтарлықтай өзекті заң мәселелері, адамдардың құқықтары мен азаматтық еркіндіктері бойынша  талқылауларға қатысу адвокаттық кәсіптің бөлігі болып табылады және оған шектеу қойылмайды.

Сонымен қатар, БҰҰ қабылдаған Адвокаттардың рөлі туралы негізгі ережелерде  «адвокаттар өзінің құқықтарын жүзеге асыру кезінде заңға және танылған кәсіби стандарттар мен этикалық ережелерге бағынуы тиіс» деп белгіленген.

Республикалық адвокаттар алқасы, заң және кәсіби этика тарабынан, адвокаттардың әлеуметтік желілердегі кейбір әрекеттерін тиімді және орынды деп есептеуге болмайды деген тұжырым жасауға мәжбүр.

Осыған орай,  жақын арада Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының кезекті отырысында, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырған адвокаттардың пікірлері бойынша Адвокаттардың кәсіптік әдебі кодексін нақтылау туралы сұрақ талқыланады.  Аталған мәселе бойынша Республикалық адвокаттар алқасының позициясы кәсіби қауымдастықтың ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.

 

Добавить комментарий: