Банкроттықтан оңалтуға немесе әдеттегідей қызметке өту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының қарауына  Қаржы министрлігі ұсынған «Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының пысықталған тұжырымдамасында қойылған мәселелер бойынша пікір алмасуға адвокаттарды шақырамыз.

Тұжырымдамаға сәйкес, заңның жобасы Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласын әртараптандыруға негізделген Қазақстанды индустрияландыру және экономикалық даму кезеңінде жүзеге асыруға бағытталған тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленеген.

Осыған байланысты, борышкерді банкроттық деп тану туралы шешімді жою (күшін жою)  немесе борышкерді банкроттық деп тану туралы шешімді орындау; банкроттық (оңалту) туралы шешім қабылдаған судьяға банкроттық (оңалту) процедурасының шеңберінде дауларды қарастыру бойынша соттылықты анықтау жөнінде азаматтық процестік заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

Тұжырымдамада бірқатар басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.

Осы Заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған жағдайда, біздің info@advokatura.kz электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

Тұжырымдаманың мәтінімен мына жерде танысуыңызға болады.

 

 

 

Добавить комментарий: