Оңтүстік Кавказда адвокаттар арасында халықаралық футбол турниріне қатысушыларға алдын-ала жеребе тасталды.
Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан адвокаттар құрамасы В тобына еніп, футбол алаңындағы алғашқы кездесулері бүгін өтеді.
РАА баспасөз қызметіне біздің команда бүгін Иран мен Польша адвокаттарының футбол командаларымен кездесетіні туралы ақпарат келіп түсті.
Еске салсақ, 2019 жылы 3-6 қазан аралықтарында Әзірбайжан мен Грузия адвокаттар қауымдастығының құрылуының 100 жылдығы аясында Бакуде Оңтүстік Кавказда алғашқы халықаралық футбол турнирі өтуде.
Біздің адвокаттарға тек жеңіс тілейміз!
РАA баспасөз қызметі