Бүгін Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының кезекті отырысы өтті

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел отырысты ашу барысында Алматы қаласының мамандандырылған заң консультациясының меңгерушісі, Тағылымдама және адвокаттардың біліктіліктерін көтеру орталығының басшысы, Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі Байгазина Гульнар Бакировнаны, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Әбікенов Оқасбай Әбікенұлын және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Мусин Салимжан Әлмұратұлын мерейтойларымен құттықтады және Республиканың адвокаттық қоғамдастығы атынан  «Адвокатураға еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағымен марапаттады.

20151020_10073420151020_100838IMG-20151022-WA0014

 Отырыста Ануар Түгел үстіміздегі жылдың үшінші жарты жылдығы бойынша Республикалық адвокаттар алқасының жұмысы туралы баяндады. 

Сонымен қатар, «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру кезіндегі құқыққолдану тәжірибесіндегі кейбір мәселелерін шешу жолдары, Ордерлер бланктерін есепке алу, сақтау және беру туралы әдістемелік ұсыныстардың жобасы, Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің тәртібі ережесінің жобасы талқыланды.

Республикалық адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік Кеңесінің құрамы бекітілді. Сонымен қатар, Адвокаттардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғау бойынша комиссияны құру туралы шешім қабылданды.

Добавить комментарий: