Қазақстандық адвокаттар командасы алғашқы екі кездесуін В тобында өткізді. Оңтүстік Кавказдағы адвокаттар арасындағы халықаралық футбол турниріне қатысушыларға алдын-ала жеребе тасталғаннан кейін біздің команда Иран мен Польша командаларымен футбол алаңында кездесті.
Кездесулердің нәтижелері:
— Қазақстан — Польша: 2 : 2;
— Қазақстан — Иран: 4 : 0.
Әріптестерімізді керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!

Алда алаң иелерімен — Әзірбайжан адвокаттарымен кездесу, нәтижелер бойынша біздің командаға ¼ финалына мүмкіндіктер берілді!
Біздің жігіттерге сәттілік және тек жеңіс тілейміз!
РАA баспасөз қызметі