ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДВОКАТТАР ФУТБОЛ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУДА

Кеше түнде Нұр-Сұлтан және Атырау қаласының адвокаттары Баку (Әзірбайжан) шағын-футбол турниріне аттанар алдында Ақтау әуежайында кездесті.

2019 жылы 3-6 қазан аралықтарында Әзірбайжан мен Грузияның адвокаттар қауымдастығының құрылғанына 100 жыл толуы аясында Оңтүстік Кавказда алғашқы халықаралық футбол турнирі өтеді. Турнирді Әзірбайжан және Грузия адвокаттар қауымдастығы ұйымдастырады. Турнир Әзірбайжандағы ең үлкен көлдердің бірі – Беюк-Шор көлінің жанындағы спорт кешендерінің бірінде өтеді.

Ақтау әуежайында елордалық алқаның адвокаттары Руслан Ұзқанов, Данияр Негмат және Амангелді Қырықбаев командалық турнирге кетер алдында Атырау облыстық адвокаттар алқасының әріптестері Руслан Жақыпов, Нұрлан Жолболов және Жасұлан Шолбақовпен кездесті.

Италия, Польша, Иран, Қытай, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстаннан келген адвокаттар құрамалары турнирге қатысатындығын растағанын айта кетейік.

Біздің командамызға сәттілік пен жеңістер тілейміз!

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: