ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

 

 

АШЫҚ ХАТ

 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Сізге адвокаттық қоғамдастық атынан жүгінуге мәжбүр болып отырмыз.

Бізді кәсіби қорғаушылар ретінде соттардың адамның негізгі құқықтары мен әділдік принциптері және соттылық заңдылығының бұзу фактілерінің жиі кездесуі алаңдаушылық туғызады.

2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауыңызда Сіз құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді басым бағыт ретінде белгіледіңіз.

Адвокат ретінде, біз кез келген оң өзгерістерді тежеуге тырысатын құқық қолдану практикасын түбегейлі қайта қарау маңызды деп санаймыз.

Өкінішке орай, алқабилер соты, тараптардың тең құқылығы және жарыспалығы, кінәсіздік презумпциясы, сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын соттың бақылауы институттары еліміздің сот төрелігінде тиісінше дами алмады. Оларға деген сенімді тек қана процесс қатысушылары ғана емес, сонымен қатар сот төрелігін іске асырушылар да жоғалтып алған. Заңдылық қылмыстық қудалау органдары мен соттар арасындағы бейресми келісімдер және формальдылықпен алмастырылып келеді.

Адвокатура тұрақты түрде өзінің тәуелсіздігін жоғалту қаупінің астында. Адвокаттардың құқықтық демократиялық мемлекеттерде жалпы қабылданған құралдар мен тәсілдер арқылы өзінің кәсіби борышын толыққанды орындауға мүмкіндіктері жоқ.

Әлбетте, еркін және тәуелсіз адвокатурасыз шынайы сот төрелігін іске асыруға болмайды. Адвокатура азаматтық қоғамның элементі бола тұра, сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал етеді, адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде аса маңызды буын тетігі болып табылады. Алайда, қандай қорғау туралы сөз қозғауға болады, егерде тіпті адвокаттар тиісті қызметінің кепілдіктерінен айырылған болса.

Үнемі өзін-өзі  қорғауды қажет ететін адам, басқаның құқығын қалай қорғамақ? Осындай жағдайларда  жаппай түрде жеке меншіктің қолсұғылмаушылық құқығы бұзылады және экономикалық еркіндіктің шекарасы едәуір кішірейеді.

Сіздің «100 нақты қадам» жоспарыңызда жарияланған сот алқасы мен соттық бақылауды дамыту туралы идеяларыңызға қарамастан, Сіздің саяси ерік-жігеріңіз құқық қолдану жүйесінде орындалмайды. Заңнама осы бөлігінде тек декоративтік өзгерістерге ұшырады, олар оны жақсартпай, тіпті бұрын қолданыста болған құқықтық нормамен салыстырғанда жағдайды нашарлата түсті.

Жоғарғы сот және Бас прокуратура басқармасының айтуларына қарамастан, ақталу үкімдерінің пайызы адекватты түрде өспеуде,ал қылмыстық процесс әлі айыпты сипатта келуде.

Сіздің жолдамаңызмен тағы бір рет қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру, кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылық үшін санкциялар азайту, қоғамдық қауіптілігі төмен дәрежелі құрамды экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мақсат етіп қойылды. Адвокатура жіберген заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар еленбейтініне сіздің назарыңызды аудару қажет деп санаймыз. Нәтижесінде, бірнеше жылдан кейін жаңа реформаны жүзеге асыру қажеттілік туындайды.

Адвокаттар қауымдастығы  соңғы адвокаттарға қысым жасау әрекетіне және шектеулерге, осымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген іргелі құқықтары мен адам бостандығы, әсіресе, білікті құқықтық көмекке деген құқығына алаңдаушылығын білдіреді.

Біз мұндай әрекет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жақында жарияланған «Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында бар деп санаймыз. Онда адвокаттар өздерінің қорғалушыларына сыбайлас ретінде қылмыстық жауапқа тартылу шарттары қарастырылады.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот қаулысы сот практикасының ең өзекті мәселелеріне, сотпен көптеп талқыланатын және құқық қолдану сұрақтары туындайтын және сот тәжірибесісіз түсіндіру мүмкін емес істерге арналады.

Бізге, адвокаттар ретінде, адвокаттардың қылмыскерлерді жасырған немесе құқықбұзушылық жасауда сыбайластық түріндегі қылмыстық істердің саны аз екені белгілі. Кез келген жағдайда, іс-әрекеттердің осы түрі үшін адвокаттарды жауапқа тарту фактілері, мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарағанда, көп емес.

Егер де адвокаттар қылмыскерлерге сыбайлас болғаны үшін жалпы тәртіппен жауапқа тартылатын болса, нормативтік қаулыда бұл ережелерді қайта қайталаудың не қажеті бар?

Осыған байланысты келесідей сұрақ туындайды, неліктен Нормативтік қаулыда кәсіби қорғаушыларға көп көңіл бөлінген? Оның негізіне қай сот тәжірибесінің массивін жалпылау жатты? Мүмкін жарамсыз адвокаттарға қатысты жасанды қылмыстық істерді фабрикаттау үшін алғышарт ретінде жасалынды ма?

Жуырда Жоғарғы сот пен ІІМ біріккен бұйрығымен адвокаттардың сотта ұялы байланыс телефондары мен компьютерлерді қолдануына тыйым салынды. Біздің қазіргі сандық технологиялар ғасырында адвокаттық қауымдастықпен мұндай шешім адвокаттар мен оларға тапсырылған азаматтардың құқықтарын заңсыз және, бастысы,  мәнсіз шектеу деп бағаланады. Бұл шектеу мемлекетке ешқандай пайда әкелген жоқ, сот жүйесінің жұмысын жақсартқан жоқ, тиімділігінін арттырған жоқ. Азаматтық қоғамның сот құзырына деген жағымсыздығынан басқа ештеңе бермеді. Айта кететін жағдай, мұндай заңсыз шектеулер қаулы ресми түрде қабылданған уақытқа дейін де құрылып, қызмет етті. Бұйрық авторларының осы тәсіл арқылы террористтік қауіппен күресу қажеттілігінен туындағыны дегені кем дегенде ойдан шығарылған.

Сіздің жолдауыңыздың бірінші басымдылығы экономика мен қоғамды жылдам технологиялық модернизациялау. Ол өз ішінде коммуникацияларды дамыту, жаңа технологияларға оңай қол жеткізуді қарастырады. Барлық мемлекеттік органдар бұл сұрақты ерекше бақылауда ұстаулары керек. Ал адвокаттар болса, тіпті өткен ғасырға емес, 19 ғасырға ығыстырылып тасталды, өйткені сот пен мемлекеттік органдарға барған  кезде, олардың қолдарында барлық қол жетімді технологиялардың ішінен тек қағаз бен қалам ғана қалады. Бұл ведомствовалық тыйымның заңға қайшы келетіні ешкімді толғандырмайды.

Сізбен сот жүйесіне деген сенімділік деңгейін арттыру міндеті қойылған.

Осы бір күрделі мақсатқа адвокаттардың кепілдерін және құқықтарын шектеу жолымен емес (яғни, кемшіліктерді барлығынан көп сынаушы адамдарды), ал кез келген заңсыз іс-әрекет пен сот актілері жоққа шығарылатын жүйені қалыптастыру , шешімдер мен үкімдер шығарар кезде заңның бұлжытпай орындалуы арқылы жетуге болатынына сенімдіміз.

Біз сот жүйесін азаматтарға қатысты адамгершілікке және адалдыққа шақырып келдік және әлі күнге шейін шақырудамыз, яғни өз кезегінде адвокаттарға да қатысты салынған  заңсыз шектеулер алынып тасталуы тиіс.

Адвокатура деңгейі прокуратура деңгейінен төмен емес, кем дегенде бір деңгейде болуы тиіс, сол себепті біз осы бастамамен конституциялық реформалар аясында, кейбір елдерде бекітілгендей, адвокатураны Конституцияда бекіту сұранымымен келдік. Бұл, Сіздің жолдауыңызда айтылғандай, барлығының заң алдындағы шынайы теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еді. Сонымен қатар, біз халықаралық қағидалармен қабылданған, әділеттілік пен адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар  конституциялық ұсыныстарды алға тарттық.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша Президент халық пен мемлекеттік билік, Конституция табандылығының,  адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігінің белгісі және гаранты болып табылады. Республика Президенті мемлекеттік биліктің  барлық  тармақтарының  біріккен қызмет көрсетуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

 

Көрсетілген конституциялық ережелерді іске асыру мақсатында

СІЗДЕН:

 

  • Республикалық адвокаттар коллегиясының Президент Әкімшілігіне жолданған Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Заңының жобасына ұсыныстарын қолдауды;
  • мемлекеттік органдарға адвокаттардан түскен заң шығару мен құқық қорғау туралы ұсыныстарын міндетті түрде қарастыру мен ескеруді тапсыруды, адвокатурамен азаматтар құқықтары мен бостандығына қатысты негізгі жобалар мен шешімдерді талқылауды;

Жоғарғы сот, Бас прокуратура және Ішкі Істер Министрлігі алдында адвокаттар құқықтарын шектеуді жою тапсырмасын қою, соның ішінде мына жолдармен:

  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының «Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 5 пунктын алып тастау,
  • адвокаттар сот және мемлекеттік органдар ғимараттарына кіру кезіндегі тексеру ережелерін және қорғаушылардың телефондары, ноутбуктері және басқа техникалық құралдары алып қою туралы барлық ережелерді алып тастауды;— СҰРАЙМЫЗ.

 

 

 

Республикалық адвокаттар алқасының

Президиумы атынан

Республикалық адвокаттар алқасының

Төрағасы                                                                                                                                     А. Түгел

Добавить комментарий: