АДВОКАТУРА ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.  ТАШКЕНТЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ.

Ташкентте «Адвокаттар институтын дамыту тұжырымдамасы: Өзбекстан мен шет елдердің тәжірибесі» атты халықаралық адвокаттар конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: АҚШ Халықаралық даму федералды агенттігі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс қоғамы, Өзбекстан Республикасының Адвокаттар палатасы, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі.

Конференцияға Әзірбайжан, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Германия, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина адвокатураларының басшылары мен өкілдері қатысты. Қазақстандық адвокатураны Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Бекжан Билялов және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Индира Мирзамухамедова ұсынды.

Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Кадыржан Баймұханова өз сөзінде 2018 жылғы 5 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасы Заңының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы заңының негізгі тармақтарына, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу арқылы адвокаттар қызметін оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталды. Адвокатураның қазіргі жағдайы туралы айта келе, Қадыржан Рысмұханқызы Қазақстан адвокаттарының іс жүргізу өкілеттіктерін одан әрі кеңейту қажеттігін атап өтті.

Екі сессия барысында конференция қатысушылары келесі тақырыптарды қозғады:

— «Тәуелсіз адвокатура және сот жүйесі»;

— «Халықаралық стандарттар және БҰҰ келісім органдарының ұсынымдары»

— «Қорғаудың және демократиялық процестің рөлі мен маңызы» және т.б.

Сонымен қатар, әлемнің әртүрлі елдерінен келген адвокатураның үлгілері салыстырмалы түрде қарастырылды.

Қорытындылай келе, конференция қатысушылары адвокатура институтын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты және әр түрлі елдердің адвокаттар қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: