АДВОКАТТАР НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Республикалық адвокаттар алқасы мен НұрСұлтан қалалық адвокаттар алқасының өкілдері адвокаттар арасындағы халықаралық футбол турнирінен оралған әріптестерін қарсы алды.

2019 жылы 3-6 қазан аралықтарында Әзірбайжан мен Грузияның адвокаттар қауымдастығының құрылғанына 100 жыл толуы аясында Оңтүстік Кавказда алғашқы халықаралық футбол турнирі өтті. Турнирді Әзірбайжан және Грузия адвокаттар қауымдастығы ұйымдастырды. Жарысқа 10 елден 16 команда қатысты.

Жарыс барысында Қазақстан адвокаттар командасы ¼ финалға, одан әрі ½ нәтижелерін көрсетіп финалға шықты.

Команда екі алқаның, яғни Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысының адвокаттарынан құралды.

Финалға шыққаннан кейін қазақстандық адвокаттар тобы Әзірбайжан командасымен кездесті. Ойын өте тартысты өтті — екі команда да шынайы спорттық табандылық пен шеберлік көрсетті, ойынның негізгі уақыты 0: 0 есебімен аяқталды. Белгіленген футбол ойынындағы он бір метрлік айып соққыдан кейін Әзірбайжан құрамасы 3: 2 есебімен алға шықты.

Үшінші орын үшін күресте Қазақстан мен Иран адвокаттарының командалары кездесті. Кездесу қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды — 3: 2.

Матчтардың нәтижелері бойынша жүлделі орындар:

— 1 орын — Әзірбайжан (1);

— 2 орын — Әзірбайжан (2);

— 3 орын — Қазақстан.

Қазақстан адвокаттар құрамасын жеңісімен құттықтаймыз!

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: