АДВОКАТТАР БАСТАУДА ЖӘНЕ ЖЕҢУДЕ

24 және 25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай заңгерлер арасында спорттық жарыстар өтті.

Бұл  күндері спорт алаңдарында астаналық  әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, жеке сот орындаушыларының және заң консультанттарының командалары кездесті.

Бірінші күні өткен шағын футболдан жарыс нәтижесі бойынша турнирлік орындар келесідей бөлінді:

1 орын – жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының командасы;

2 орын – адвокаттар алқасының командасы;

3 орын – әділет департаментінің командасы;

4 орын – заң консультанттары палатасының командасы.

Екінші күні әділет департаментінің, адвокаттар және жеке сот орындаушыларының ерлер мен әйелдер командалары волейбол жарысында кездесті.

Жарыстың қосбасшысылары қалалық адвокаттар алқасының ерлер мен әйелдер командалары, екінші орында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының командалары болса, үшінші орын әділет департаментінің командаларына бұйырды.

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: