АДВОКАТ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ

 Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Айман Омарова Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қоғамдық белсенділігі үшін» номинациясында «30 жыл — 30 есім»  ұлттық сыйлығымен марапатталды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «30 жыл – 30» есім ұлттық конкурсы                                    келесі номинациялар бойынша  жарияланған болатын:

      — ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі;

      — белсенді қоғамдық қызметі;

      — мәдениет саласындағы еңбегі;

— киноиндустрияның дамуына қосқан үлесі;

— спорттық жетістіктері үшін;

— ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін;

— білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін;

— ауыл шаруашылығына және агроөнеркәсіптік кешенге қосқан

   үлесі үшін;

— дәстүрлі өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін;

— әдебиет және т. б.

 Марапатталғандардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Жалпыхалықтық дауыс беру телерадиокорпорацияның ресми сайтында өткен болатын.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: