Адвокатқа алғыс

Атырау қаласының тұрғыны Беспаева Нурзила Гиноятовна 2011 жылы ЖерҒӨО-ның Атырау филиалы мекемесіне жер теліміне жоба дайындау үшін құжаттар тапсырған. Соңғы 4 жылда, аталған мекеменің қызметкерлері құжаттарды жоғалтуына байланысты көптеген заңсыз келеңсіздіктер туындаған.

Осы мәселені шешу үшін азаматша, Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Есбосын Асан Балғабайұлына жүгінген. Адвокат Асан Балғабайұлы, аталған мәселелерді оңды шешіп, азаматшаның құжаттарын қалыпына келтірген.

Осыған байланысты, азаматша Беспаева Нурзила Гиноятвна, Қазақстан адвокатурасында кәсіби шеберлігі жоғары, адал адвокаттардың қызмет атқаратына өз ризашылығын білдірді.

 

Добавить комментарий: