8 НАУРЫЗ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ !

Шырайлы және сүйкімді әйелдер! Сіздерді, Көктем мейрамы – 8 Наурыз күнімен құттықтаймын! Шын жүректен зор денсаулық, мәңгі жастық, өзара махаббат тілеймін! Жүректеріңіз әсемді сезімге толып, әрқашанда қайталанбас-ерекше болып қалыңыздар!

Сіздер еңбек етпейтін қызмет саласын анықтау өте қиын, тіпті, сиқырлы қүлімсіреусіз, аялы алақансыз, мамандықты елестету мүмкін емес.

Әріптестерімнің арасында адвокатессалар болғандықтан – АДВОКАТЕССА сөзін естігенде, бойымда мақтаныш сезімі оянады. Себебі, адвокат – асыл, қиын, күрделі, үлкен адалдықты талап ететін мамандық. Әйелдер, аналар, сүйіктілер болып – мамандықтарыңыздың ерекшелігіне орай тергеу изоляторларын, колонияларды аралап, сот отырыстарына қатысып, құқықтық дау пайда болған кезде, погондағы ерлердің қарсыластары боласыздар.

Бұлардың бәрінен басқа, тамаша басшы, тамаша ұйымдастырушы болып, өз мамандығының кәсіпқойлары екеніңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге, оңай емес, өте маңызды жұмыстарыңыз үшін, бауырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін!

Көктемнің күні жарық түсіп, айналадаңыздағы адамдардың күлімсіреген жүздерін жылытсын. Өмірлеріңіз мол бақытқа толсын! Сүйіңіздер, сүйікті болыңыздар! Сіздерге денсаулық, әл-ауқат, отбасыларыңызда жайлылық, көптеген жылдар бойы жақсы көңіл-күй тілеймін!

Ізгі тілекпен,
А. Түгел

8 vfhnf

Добавить комментарий: